Елімізде қай салаларда жұмыспен қамтылғандар саны артып келеді

Жұмыс істемейтін және оқумен айналыспайтын NEET жастарының үлесі 7,1% құрады

Елімізде қай салаларда жұмыспен қамтылғандар саны артып келеді
Фото: Azattyq Ruhy

Халықтың жұмыспен қамтылуына іріктемелі жүргізілетін зерттеу деректеріне сәйкес, 2023 жылғы III тоқсанда Қазақстандағы Халықаралық еңбек ұйымының әдістемесі бойынша есептелген (табысты кәсібі (жұмысы) болмаған, оны белсенді іздеген және жұмысқа кірісуге дайын) жұмыссыздық деңгейі 4,7% құрады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, республика экономикасының әртүрлі салаларында 9 106 мың адам жұмыспен қамтылды. Олардың 6 916,1 мыңы (жұмыспен қамтылғандардың жалпы санынан 75,9%) жалдамалы қызметкер болса, 2 189,9 мың адам (жұмыспен қамтылғандардың жалпы санынан 24,1%) өзін-өзі жұмыспен қамтығандар.

15 және одан жоғары жастағы халыққа шаққандағы жұмыспен қамту деңгейі 65,5% құрады.

«Былтырғы сәйкес тоқсанмен салыстырғанда жалпы жұмыспен қамтылғандар 134,5 мың адамға өсті, оның ішінде жұмыспен қамтылғандар 78,4 мың адамға, өзін-өзі жұмыспен қамтығандар 56,1 мың адамға артты.

Өткен тоқсанмен салыстырғанда жұмыспен қамтылған халық санының ең көп өсімі денсаулық сақтау, ойын-сауық және демалыс, әкімшілік және қосалқы қызмет көрсету, көлік және қойма салаларында байқалды», - делінген хабарламада.

15-34 жас1) арасындағы жұмыссыздық деңгейі 3,3% құрады. Жұмыс істемейтін және біліммен немесе кәсіптік оқумен айналыспайтын NEET жастарының үлесі 7,1% (381,7 мың адам) құрады.

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің жұмыспен қамту органдарында 2023 жылғы қазан айының соңына қарй 285,8 мың жұмыссыз ресми тіркелген. Тіркелген жұмыссыздардың үлесі жұмыс күшінің 3%-ын құрады.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.