03.11.2023, 17:26
Экономика
Түркиядан тікелей шетелдік инвестиция ағыны 210,7 млн долларды құраған
Бұл - биылғы бірінші жарты жылдағы көрсеткіш
Фото: freepik.com
2023 жылдың бірінші жартыжылдығында Түркиядан тікелей шетелдік инвестициялардың (ТШИ) жалпы ағыны 210,7 млн долларды құрады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Ұлттық экономика министрлігі хабарлағандай, Қазақстан аумағындағы түрік инвесторлары тамақ өнеркәсібі мен сусындар өндірісі, денсаулық сақтау, туризм, жиһаз өндірісі және басқа да түрлі салалардағы жобаларды іске асыруда. Қазақстанда инвестициялық жобаларды іске асыруға мүдделі ірі түрік компаниялары: Abdi Ibrahim, YDA Holding, Yildirim Holding, Aselsan, ULKER.
«Инвестициялық жобалардың жалпыұлттық пулына» сәйкес 2023 жылы түрік инвесторларының қатысуымен келесі жобалар іске асырылды:
- Қостанай облысында шикізаттан қаптамаға дейін толық циклді бұршақ дақылдарын қайта өңдеу фабрикасы;
- Алматы облысында рельстерді бекіту жүйелерінің өндірісі.
Авторы: Аягөз ҚҰРМАШ
Көп оқылған
16.08.2026, 06:21
Қостанайда жүзе алмаған әке қызын құтқармақ болып қаза тапты
16.08.2026, 16:06
17 тамыз күні ауа райы қандай болады
16.08.2026, 16:37
БҚО-дағы Ми-8 тікұшағының апатына қатысты іс сотқа жолданды
16.08.2026, 10:38
Астана – Щучинск тасжолындағы апат: жүргізуші жолда ұйықтап кеткен
16.08.2026, 08:47
Конгода Эболадан әр 30 минут сайын бір адам көз жұмады
16.08.2026, 15:06
Ақтөбе облысында бұзылған автобустан 14 жолаушы эвакуацияланды