$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
01.04.2020, 09:50
Экономика

Жер қойнауын пайдаланушылар үшін сатып алу рәсімі жеңілдетілді

Шара ТЖ кезінде отандық өндірушілерді қолдауға бағытталған

Жер қойнауын пайдаланушылар үшін сатып алу рәсімі жеңілдетілді

Елімізде жер қойнауын пайдаланушылардың және олардың мердігерлерінің тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алуды жүзеге асыру ережесіне арнайы тәртіп бойынша өзгерістер енгізізілді. Бұл шара Қазақстан аумағына төтенше жағдай енгізілуіне байланысты енгізіліп отыр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.   

Ағымдағы жылдың 31 наурызынан бастап төтенше жағдай аяқталғанға дейін жер қойнауын пайдаланушыларға бір көзден: «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы берген СТ-KZ нысанындағы тауардың шығу тегі сертификатты немесе индустриялық сертификатты ұсыну немесе «Қазақстандық қамту» интернет-порталы ақпараттық жүйесінде орналастыру шартымен Қазақстанда шығарылған тауарлар, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер, егер мұндай тауарлар, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер ҚР аумағында өндірілмесе, шетелдік сатып алу құқығы берілді.

«Бұрын конкурстық рәсімдер екі айға дейін созылатын еді. Енді ол тәртіп ТЖ кезеңінде ғана әрекет ететін болады. Сондай-ақ, жер қойнауын пайдаланушылар өндірісін тоқтатпауға және көлемін азайтпауға, сонымен қатар, өндірістік процестерге тартылған қызметкерлердің қауіпсіздігін барынша қамтамасыз етуге бағытталған. Көрсетілген санаттарға жатпайтын барлық өзге сатып алулар бұрын қолданылып жүрген нормалар бойынша жүзеге асырылатын болады», - делінген ведомство хабарламасында.

Жер қойнауын пайдаланушылардың ыңғайлылығы үшін отандық тауар, жұмыс және қызмет өндірушілердің тізімі «қазақстандық қамту» интернет-порталында «ТЖКҚ және олардың жеткізушілерінің дерекқоры» модулінде орналастырылған (www.ks.gov.kz).

Отандық өндірушілердің тізімін өзектендіру тұрақты негізде жүзеге асырылатын болады.

Серіктес жаңалықтары