$ 498.55  524.28  4.75
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Қазақстанның ЕАЭО елдерімен өзара саудасы 5,6%-ға артты

Биылғы қаңтар-шілдеде тауарлар экспорты 6 380,4 млн АҚШ долларына жетті

Қазақстанның ЕАЭО елдерімен өзара саудасы 5,6%-ға артты
Фото: ehonews.kz

Жыл басынан бері Қазақстанның ЕАЭО елдерімен өзара сауда көлемі 16 521,5 млн АҚШ долларын құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда номиналды мәнде 5,6% көбейді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, биылғы қаңтар-шілдеде тауарлар экспорты – 6 380,4 млн АҚШ доллары (32,3% көп), импорт 10141,1 млн АҚШ доллары (6,3% аз) деңгейінде қалыптасты.

Қазақстан Республикасының ЕАЭО елдерімен сыртқы сауда айналымының жалпы көлеміндегі Армения үлесі 0,1%, Беларуста – 3,3%, Қырғызстанда – 4,6%, Ресейде – 92%.

«ЕАЭО елдерімен экспорттағы ең жоғары үлес машиналар, жабдықтар, көлік құралдары, аспаптар мен аппараттарға тиесілі – 28,5%, одан кейін химиялық және онымен байланысты өнеркәсіп салаларының өнімдері – 24,5%», - дейді сарапшылар.

ЕАЭО елдерінен Қазақстанға әкелінетін импорт құрылымында мал және өсімдік өнімдері, дайын азық-түлік тауарлары басым – 19,9%, металдар мен олардан жасалған бұйымдар үлесі – 19,1%.

Серіктес жаңалықтары