Доллардың орташа бағамы 446,03 теңгені құрады
Астананың айырбастау пункттерінде америкалық валютаны сатудың ең жоғары бағамы- 448 теңге, Алматы – 448,5 теңге

26 наурыз, сағат 17:00-де Қазақстан қор биржасында (KASE) АҚШ доллары 446,03 теңгеден сатылды, деп хабарлайды Kapital.kz. іскерлік ақпараттар орталығы.
KASE ақпараты бойынша, сауда – саттықта ең төменгі бағам бір доллар үшін 445,50 теңге, ең жоғарғы бағам — 446,90 теңге, жабылу бағамы- 445,79 теңге деңгейінде қалыптасты. Америкалық валюта бойынша сауда көлемі 193 млн 497 мың долларды құрады. Валютамен операциялар бойынша мәмілелер саны - 559.
Америкалық валютаның орташа бағамы 15: 30-да 446,06 теңге деңгейінде қалыптасты.
kurs.kz деректері бойынша астананың айырбастау пункттерінде америкалық валютаны сатудың ең жоғары бағамы 17:10- да 448 теңгені, Алматыда 448,5 теңгені құрады.
Ұлттық банктің ресми бағамы 26 наурызда 1 АҚШ доллары үшін 444,8 теңгені құрады. 27 наурызда ресми бағамды анықтаудың қолданыстағы тәртібіне сүйене отырып, ол 1 доллар үшін 446,06 теңгені құрайды.