$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Еліміздегі ең көп салық төлейтін компаниялардың тізімі жарияланды

Соңғы мәліметтер бойынша бұл тізімге 354 ұйым енген

Еліміздегі ең көп салық төлейтін компаниялардың тізімі жарияланды
Фото ашық дереккөзден

Қазақстанда экономиканың әртүрлі саласындағы кәсіпорындардың ішінде бюджетке ең көп салық төлейтін компаниялардың тізімі жарияланды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

ҚР Салық кодексінің 130-бабының 3-тармағына сәйкес мониторингке жататын ірі салық төлеушілердің тізбесі белгіленеді. Соңғы мәліметтер бойынша бұл тізімге 354 ұйым енген.

Ranking.kz зерттеуінше, 2022 жылдың аяғында бұл компаниялар бір жыл ішінде қазынаға 13,5 трлн теңге салық төлемін аударған.

«Ең ірі салық төлеушілер тау-кен компаниялары болып қала береді. Бұл салада тек 2022 жылдың өзінде салық аударымдары 9,5 трлн теңгені құрады. Екінші орында 1,5 трлн теңге салық төлемдерінің көлемімен өңдеу өнеркәсібі, одан кейін 835,5 млрд теңгемен сауда саласы тұр», - дейді сарапшылар.

Ірі көлемде салық төлейтін 10 компанияның тізіміне кіретіндер:

  • «Теңізшевройл» – салық төлемі 4,6 трлн теңге;
  • «Қарашығанақ Петролеум Оперейтинг Б.В.» – 1,4 трлн теңге;
  • «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ – 434,9 млрд теңге;
  • «Өзенмұнайгаз» – 269,7 млрд теңге;
  • «Норт Каспиан Оперейтинг Компани Н. В.» – 239,1 млрд теңге;
  • «Қаражанбасмұнай» – 205,9 млрд теңге;
  • «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ – 190,2 млрд теңге;
  • «Азия газ құбыры» – 166,5 млрд теңге;
  • «Philip Morris Kazakhstan» – 161,8 млрд теңге;
  • «Ембімұнайгаз» – 159,3 млрд теңге.

Он ірі салық төлеушінің сегізі шикі мұнай мен ілеспе газ өндіруге маманданған.

Төменде елдегі ең ірі елу салық төлеушілердің тізімі берілген:

Серіктес жаңалықтары