АҚШ пен Канадада жұмыссыздық бойынша жәрдемақы алуға өтініш Ұлы депрессия кезеңімен теңесті

Автор: Azattyq Rýhy

Америкада бір аптада 629 мың адам өтініш білдірген

Солтүстік Америкада жұмыссыздық бойынша жәрдемақы алуға өтініштер саны қатты өсіп жатыр, деп жазады @tengenomika телеграм арнасы.

«Мәселен, Канадада соңғы төрт күн ішінде жұмысынан айырылғандарға берілетін жәрдемақыға өтініш тапсырғандар саны өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда аптасына 27 мыңнан 500 мыңға жақындады. Өз кезегінде, АҚШ-та осы аптада 15 штат бойынша ғана өтініштердің жиынтық саны 629 мыңды құрады, ал өткен аптада бүкіл ел бойынша бұл көрсеткіш 281 мыңға тең болды»,- делінген онда.

Бұл 1992 жылдан бері индикатордың ең жоғары апталық өсімі ретінде бағаланды. Тіпті, АҚШ пен Канадада жұмыссыздық бойынша өтініштер санының артуы 1930-шы жылдары Солтүстік Американы жайлаған Ұлы Депрессияның ең жоғары көрсеткішімен тең түсті.

Оқи отырыңызАҚШ-та коронавирустан 323 адам қаза тапты

Айта кетерлігі, Goldman Sachs болжамы бойынша осы аптада АҚШ-та жұмыссыздық бойынша жәрдемақы тапсырғандардың саны 2,250 млн құрайды, бұл елдің бүкіл тарихында абсолютті максимум болады, сондай-ақ Штаттар экономикасындағы терең рецессияның «ресми» басталуын білдіреді.

Өз кезегінде, Қазақстанда да сыртқы сұраныстың күрт төмендеуі (мұнай бағасының құлдырауы, экспорттың азаюы) және ішкі сұраныстың (COVID-19 таралуына қарсы күрес жөніндегі карантиндік шаралар) аясында де нақты жұмыссыздық деңгейінің жоғарылауы  байқалады.

«Атамекен» ҰКП сауалнамасының нәтижесі бойынша, осы аптада сауалнамаға қатысқан 6252 кәсіпкерлік субъектінің 60% - ы қызметкерлердің еңбекақысын төлеуде қиындықтар болатынын және ақысыз демалысқа жіберуді жоспарлап отырғанын мәлімдеді»,- делінген жазбада.

Бұл ретте, қызмет көрсету саласында жұмыс істейтін қазақстандық ШОБ сегментінде (қазір ең жоғары тәуекел аймағында орналасқан) 1,6 млн.қызметкер есепте тұр. Олар Қазақстанда жұмыспен қамтылған халықтың 18%.