Қор нарығында доллар бағамы төмендеді

Автор: Azattyq Rýhy

Ұлттық банктің 1 тамыздағы ресми бағамы – 1 доллар үшін 446, 07 теңге болды

Фото ашық дереккөзден

Қазақстан қор биржасындағы доллар бағамы төмендеді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy. 

Күндізгі сауда-саттық мәліметіне қарағанда, доллар бағамы 0,85 теңгеге төмендеп, 1 доллар 445, 04 теңге болды.     

Kurs.kz мәліметінше, Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде доллардың сату бағамы – 445 теңге, сатып алу – 447 теңге.       

Ал, Астана қаласы бойынша сату бағамы – 443,3 теңгеден болса, сатып алу – 447,5.

Айта кетейік, Ұлттық банктің 1 тамыздағы ресми бағамы – 1 доллар үшін 446, 07 теңге болды.