$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Үкімет машина жасау саласындағы өндіріс көлемін екі есеге арттырмақ

Қазіргі кезде саланы дамыту жөніндегі кешенді жоспарды әзірленіп жатыр

Үкімет машина жасау саласындағы өндіріс көлемін екі есеге арттырмақ
Фото: primeminister.kz

ҚР Премьер-министрі Әлихан Смайылов Машина жасау саласын дамытудың 2028 жылға дейінгі кешенді жоспарын әзірлеу мәселелері жөнінде кеңес өткізді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мемлекет басшысының тапсырмасына сай аталған құжат бойынша жүргізіліп жатқан жұмыс саланың одан әрі дамуына үлкен серпін беруге тиіс. Оны дайындау кезінде бизнестің, атап айтқанда, Қазақстан машина жасаушылар одағының ұсыныстары ескерілді.

Кешенді жоспар отандық өндірушілерді қолдауға және машина жасау саласының бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталған 83 іс-шараны қамтиды. Онда жалпы жүйелік, сондай-ақ секторлар бойынша нақты шаралар (тау-кен металлургиясы, теміржол, мұнай-газ, энергетика, электр техникасы, ауыл шаруашылығы машинасын жасау, автомобиль жасау, әуе кемелерін жасау) айқындалған.

«Жоспардың негізгі мақсаты – машина жасау саласындағы жалпы қосылған құнның 4,5 есе, өндіріс көлемінің 2,2 есе, экспорттың 2,9 есе, еңбек өнімділігінің 1,9 есе, инвестициялардың 1,5 есеге өсуін қамтамасыз ету», - делінген хабарламада.

Құжатты талқылау қорытындысы бойынша Әлихан Смайылов Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне мүдделі мемлекеттік органдармен және ұйымдармен бірлесіп, Кешенді жоспарды келісуді және оны бекіту туралы Үкімет қаулысының жобасын енгізуді жеделдетуді тапсырды.

Серіктес жаңалықтары