Қор нарығында доллар күрт қымбаттады

Azattyq Rýhy

Қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пунктерінде доллар 444,5 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы – 447,5 теңге

Қор нарығында доллар күрт қымбаттады
Фото: freemit.com

Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, 1 доллардың теңгеге шаққандағы бағамы өсті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллар бағамы 2,57 теңгеге қымбаттады. Бір АҚШ долларының орташа бағамы - 447, 08 теңге.

Ұлттық банктің 30 мамырдағы ресми бағамы – 1 долларға 444, 45 теңге.

Ресей рублінің орташа сараланған құны - 5,56 теңге.

Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пунктерінде доллар 444,5 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы – 447,5 теңге.

Ал Астана қаласы бойынша сату бағамы – 445 теңге, сатып алу құны– 449 теңге.

Ресей рублі 5, 45 - 5, 55теңге аралығында саудаланып жатыр.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.