29.05.2023, 16:23
Экономика
Қазақстан қор биржасында доллар арзандады
Ұлттық банктің 29 мамырдағы ресми бағамы – 1 доллар үшін 445,68 теңге
Фото: ktk.kz
Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, 1 доллардың теңгеге қатысты бағамы төмендеді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Күндізгі сауда-саттық мәліметіне қарағанда, доллар бағамы 1,02 теңгеге төмендеп, 1 доллар 444,45 теңге болды.
Айта кетейік, Ұлттық банктің 29 мамырдағы ресми бағамы – 1 доллар үшін 445,68 теңге болды.
Kurs.kz мәліметінше, Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде доллардың сату бағамы – 444 теңге, сатып алу – 446,5 теңге.
Ал, Астана қаласы бойынша сату бағамы – 443,5 теңге болса, сатып алу – 447,5 теңге.
Алматыда Ресей рублі 5,45 – 5,6 теңге аралығында саудаланып жатыр.
Астанада көрші ел валютасы 5,44 – 5,54 теңгеден сатылымда.
Көп оқылған
29.09.2026, 13:55
Бес жасар қыз баланы балабақша қызметкері бірнеше рет зорлаған: іске президенттің қызы араласты (ВИДЕО)
29.09.2026, 09:32
«Қалай болғанда да жетемін»: Қостанай облысында екі көлік бетпе-бет соғылып, бір адам көз жұмды
29.09.2026, 14:25
«16 жеріне пышақ сұққан»: Астанада әйел адамның өлімінен кейін 4 экс-полицей ұсталды (ВИДЕО)
29.09.2026, 17:39
«Мен де аза тұтуым керек пе?»: блогер Ирина Антоненко қаралы күні эфирде билеп, былапыт сөздер айтты (ВИДЕО)
29.09.2026, 13:35
Астанада жүкті әйелдің егіз сәбиі шетінеп кетті