23.05.2023, 17:42
Экономика
Қор нарығында доллар тағы арзандады
Ұлттық банктің 23 мамырдағы ресми бағамы – 1 доллар үшін 445, 12 теңге
Фото: gov.kz
Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, 1 доллардың теңгеге қатысты бағамы төмендеді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Күндізгі сауда-саттық мәліметіне қарағанда, доллар бағамы 3,18 теңгеге төмендеп, 1 доллар 441, 74 теңге болды.
Айта кетейік, Ұлттық банктің 23 мамырдағы ресми бағамы 1 доллар үшін 445, 12 теңге болды.
Kurs.kz мәліметінше, Алматыдағы ақша айырбастау пункттерінде доллардың сату бағамы – 442,5 теңге, сатып алу – 445 теңге.
Ал, Астана қаласы бойынша сату бағамы – 440,5 теңгеден болса, сатып алу – 443,8
Алматыда Ресей рублі 5,4 – 5,6 теңге аралығында саудаланып жатыр.
Астанада көрші ел валютасы 5,48 - 5,58 теңгеден сатылуда.
Көп оқылған
29.09.2026, 13:55
Бес жасар қыз баланы балабақша қызметкері бірнеше рет зорлаған: іске президенттің қызы араласты (ВИДЕО)
29.09.2026, 14:25
«16 жеріне пышақ сұққан»: Астанада әйел адамның өлімінен кейін 4 экс-полицей ұсталды (ВИДЕО)
29.09.2026, 09:32
«Қалай болғанда да жетемін»: Қостанай облысында екі көлік бетпе-бет соғылып, бір адам көз жұмды
29.09.2026, 17:39
«Мен де аза тұтуым керек пе?»: блогер Ирина Антоненко қаралы күні эфирде билеп, былапыт сөздер айтты (ВИДЕО)
29.09.2026, 13:35
Астанада жүкті әйелдің егіз сәбиі шетінеп кетті