10.05.2023, 16:31
Экономика
Қазақстанда доллар бағамы төмендеді
Ұлттық банктің 10 мамырдағы ресми бағамы 1 доллар үшін 445, 28 теңге болды
Фото: kapital.kz
Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, 1 доллардың теңгеге қатысты бағамы төмендеді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Күндізгі сауда-саттық мәліметіне қарағанда, доллар бағамы бірден 0,93 теңгеге төмендеп, 1 доллар 444, 16 теңге болды.
Айта кетейік, Ұлттық банктің 10 мамырдағы ресми бағамы – 1 доллар үшін 445, 28 теңге болды.
Kurs.kz мәліметінше, Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде доллардың сату бағамы – 443,5 теңге, сатып алу – 446,5 теңге.
Ал, Астана қаласы бойынша сату бағамы – 441 теңгеден болса, сатып алу – 445.
Алматыда Ресей рублі 5,6-5,8 теңге аралығында саудаланып жатыр.
Астанада көрші ел валютасы 5,57-5,67 теңгеден сатылуда.
Көп оқылған
01.11.2026, 06:38
Вакцинасы жоқ қауіпті вирус: Конгода әлемді алаңдатқан індеттен 5 мыңнан астам адам қайтыс болды
01.11.2026, 07:19
Қазақстанда 1 қарашаға дауылды ескерту жарияланды: үсік, қар және қатты жел күтіледі
01.11.2026, 11:05
Көлігіне бейәдеп сөз жазған Астана тұрғыны 10 тәулікке қамауға алынды
02.11.2026, 13:43
Үш баласы мектепке бара алмай отыр: Алматыда көпбалалы әскери қызметкерді жұмысынан қуып жіберген
01.11.2026, 08:29
Астанада мектептегі жиналыстан кейін мұғалім ауруханаға түсті
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды