03.05.2023, 16:45
Экономика
Қор нарығында доллар бағамы бірден 6,45 теңгеге құлдырады
Күндізгі сауда-саттық мәліметіне қарағанда, 1 доллар 442, 52 теңге болды
Фото: kaztag.kz
Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, 1 доллардың теңгеге қатысты бағамы тағы төмендеді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Күндізгі сауда-саттық мәліметіне қарағанда, доллар бағамы бірден 6,45 теңгеге төмендеп, 1 доллар 442, 52 теңге болды.
Kurs.kz мәліметінше, Алматыдағы ақша айырбастау пункттерінде доллардың сату бағамы – 444,5 теңге, сатып алу – 448теңге.
Ал, Астана қаласы бойынша сату бағамы – 442,5 теңгеден болса, сатып алу – 446,9
Алматыда Ресей рублі 5,45 – 5,65 теңге аралығында саудаланып жатыр.
Астанада көрші ел валютасы 5,5 - 5,6 теңгеден сатылуда.
Айта кетейік, Ұлттық банктің 3 мамырдағы ресми бағамы – 1 доллар үшін 449, 15 теңге болды.
Көп оқылған
30.06.2026, 11:58
Атырауда «Нива» мінген жас жігіт дрифт жасаймын деп басы дауға қалды
30.06.2026, 10:37
Актер Нұртас Адамбай АҚШ-қа көшіп кетті
30.06.2026, 10:49
Атырау облысында кәсіпкерлер құны 619 млн теңге тұратын мыңдаған гектар жерінен айырылып қалды
30.06.2026, 16:10
«Қайын жұртын қырып салған»: Сұлтан Сәрсемәлиевтің ешкім білмеген былықтары әшкере болды