3 мамырда доллар қанша теңгеден сатылып жатыр
Ұлттық банк сәрсенбіге арналған валюта бағамын жариялады
Қазақстанның Ұлттық банкі 3 мамырға арналған доллар мен рубльдің теңгеге қатысты ресми бағамын белгіледі, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Астана мен Алматы қалаларындағы ақша айырбастау пунктерінде доллар 447-451 теңгеден саудаланып жатыр.
Kurs.kz деректері бойынша, Астанадағы валюта айырбастау орындарында 1 доллар 447,5 – 451,5 теңгеден сатылып жатыр.
Ал Алматыда доллар бағамы 448 – 451,5 теңге аралығында құбылып тұр.
Ұлттық банктің 3 мамырдағы ресми бағамы – 1 долларға 449, 15 теңге.
Ресей рублінің орташа сараланған бағамы – 5,64 теңге.
Алматыдағы ақша айырбастау орындарында рубль 5,4 – 5,6 теңге аралығында, Астанада 5,47 - 5,57 теңге аралығында сатылуда.
Айта кетейік, 2 мамыр кешкі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа құны 4,24 теңгеге төмендеп, 448, 97 теңге болған.