Шұғыл26 қазаннан бастап Қазақстанға ұшып келген жолаушылардың бәрінде ПТР анықтамасы болуы керек

Қытаймен тауар айналымы 22%-ға азайды – МКК

ЕАЭО-ға мүше елдерден келетін импорт көлемі де төмендеген

фотода: комитет төрағасы Марат Сұлтанғазиев

Коронавирусқа байланысты Қытайдан Қазақстанға келетін импортқа уақытша шектеу қойылып, тауар айналымы қаңтар-ақпан айларында 22%-ға азайды. Бұл туралы Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы Марат Сұлтанғазиев мәлімдеді.

«Оның ішінде автокөліктермен келетін тауарлар 24%-ға, теміржолмен келетін тауарлар 14%-ға азайды. ЕАЭО-ға мүше елдерден келетін импорт көлемі де 20%-ға төмендеді. Импорттың азаюы салық түсіміне де әсер етеді», - деді ол.

Салыстырмалы түрде айтсақ, былтыр қаңтар және ақпан айларында шекарадан жүк тиеген 13 822 автокөлік кірсе, биыл бұл көрсеткіш 10 835-ке дейін төмендеген.

Комитеттің мәліметі бойынша 2019 жылы бюджетке шикізаттық емес сектордан 6,4 трлн теңге, шикізат саласынан 5,6 трлн теңге түскен. Бұл көрсеткіш 2018 жылғыдан 1 трлн 381 теңгеге артық

Абай Сейфулла, Нұр-Сұлтан