$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
12.03.2020, 10:11
Экономика

Экология министрі шаруашылықтарды балық аулауға емес, балық өңдеуге шақырады

Министр бекіре шаруашылығымен танысты

Экология министрі шаруашылықтарды балық аулауға емес, балық өңдеуге шақырады

Қазақстанның Экология, геология жəне табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев Түркістан облысына жұмыс сапары барысында Шардара су қоймасындағы өнеркəсіптік балық аулау процесімен танысты.

«Балық өсіру шаруашылығының бірі – «Хамит» ƏКК-нің табысты тəжірибесін атап өткім келеді. Бүгінде өсірілген балық өнімінің ауқымы көңіл сүйсінтеді. Бұл əдіс балықшылардың жаңа технологиялар мен өндірісті қолдану арқылы балық аулаудан оны өсіруге ауысу секілді саладағы міндетке жауап береді», - деп жазды министр сəрсенбіде өзінің Twitter-дегі парақшасында.

Министрліктің дерегі бойынша, 2019 жылы Шардара су қоймасының су шаруашылығы субъектілері 2,2 мың тоннадан аса балық өнімін өңдеген.

Еске салсақ, Қазақстанның Үкімет басшысы Асқар Мамин ақпанда Атырау қаласында өткізілген балық шаруашылығын дамытуға арналған кеңесте саланы қолдау бойынша түбегейлі шаралар қабылдауға тапсырма берді.

Серіктес жаңалықтары