ОПЕК ұйымы ыдырап кетуі мүмкін - экономист
Шикізатқа тәуелді елдер шығынға батады
Хабар-24 арнасына пікір білдірген сарапшы Арман Байғановтың сөзінше, ұйым әлемдік мұнай нарығын реттеуге шамасы жетпей жатыр. Сондықтан мұнай өндіруші компаниялардың басым бөлігі банкротқа ұшырамай, баға «соғысы» жалғаса береді. Бұл өз кезегінде нарықта қара алтынның азаюына әкеледі. Салдарынан баға тағы шарықтайды. Бірақ экономикасы мұнай шикізатына тәуелді елдер үлкен шығынға батуы мүмкін.
"ОПЕК ұйымы ыдырауға жақын тұр. Қазір кім күшті – соның заманы. Яғни алпауыт мұнай компаниялары өмір сүре береді. Олар өндіру көлемін арттыруды тоқтатпайды. Сауд Арабиясы да, Ирак та өзге компаниялар да осылай істейді. Біз 2015-2016 жылдардағы жағдайды көруіміз мүмкін. Ол кезде мұнай бағасы қысқа уақытта 30 долларға дейін түсіп кеткен деді", - экономист Арман Байғанов.