Еліміздің бірнеше қаласында доллар мен еуро сату тоқтатылды - БАҚ
Ақша айырбастау орындары әліптің артын бағып отыр
Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкенттің көптеген валюта айырбастау орындарында доллар мен еуро сату тоқтатылды,- деп хабарлайды Kurs.kz.
Нұр-Сұлтанда айырбастау пункттерінде $1 сатып алудың орташа бағасы Т 391,4, ал сату - Т393,33, €1 орта есеппен Т438,8-тен сатылып жатыр. Ал сату-Т447,2. Бірақ шетел валютасы бар болғаны бірнеше айырбас нүктелерінде сатылуда.
Алматыда $ 1 орта есеппен Т392,4 сатылуда, ал сатып алу құны Т394,5, €1 сатып алу Т 441,5, ал сату Т449,6. Шетел валютасы Нұр-Сұлтандағыдай сияқты тек кейбір айырбастау пункттерінде сатылуда.
Шымкентте айырбастау орындарында $1 сатып алудың орташа бағасы Т392,3 құрайды. Бірақ айырбастау пункттері долларды сатып жатқан жоқ. Ал €1 сату Т440, сатып алу Т450.
Ал Қазақстан Ұлттық Банкі белгілеген АҚШ долларының ресми бағамы Т382, 05,Еуро – Т431, 49.
Айта кетейік, бұған дейін Brent маркалы мұнай бағасы құлдырап, 1 баррелі 31,43 долларға төмендеген еді. Сарапшылар мұнайдың әлі де болса арзандайтынын болжап отыр.