$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
07.03.2020, 15:05
Экономика

Қазақстанда 4 банктің қаржылық проблемасы бар

Банктер Үкіметтен көмек сұрай ма?

Қазақстанда 4  банктің қаржылық проблемасы бар

Таяуда тәуелсіз сарапшылардың елдегі банк секторының актив сапасын бағалау жұмыстары аяқталды. Нәтижесі мынадай: банк секторының таза пайдасы жыл санап өсіп келеді. Алайда AQR қорытындысы бойынша саланы сауықтару шаралары да қажет, деп жазады Егемен Қазақстан газеті.

Қазақстанның банк сек­торының шынайы ахуалын тексеру үшін былтыр AQR жасалғаны белгілі. Сөйтіп елдегі 27 банктің ең ірі 14-іне тексеріс жасалды.

«Бұл 14 банкке елдегі банк секторы жалпы активінің 87 пайызы және несие портфелінің 90 пайызына тиесілі. Актив са­пасын бағалау нәтижесіне сүйен­сек, аталған 14 банктің төр­теуінде жағдай жақсы емес. Яғни 4 банктің меншікті капиталы жеткіліксіз. Олар: АТФ, ЦентрКредит банкі, Еуразия банкі және Нұрбанк. Алайда AQR қорытындысында салымшылар үшін ешқандай қауіп жоқ екені айтылған» ,- делінген басылымда жарық көрген мақалада.

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі төрағасының бірінші орынбасары Олег Смо­ляковтың айтуынша, банк секторын тағы да тығырық­тан алып шығу үшін қосымша 450 млрд теңге қажет.

«AQR жүргізуге қатысқан тә­уел­сіз сарапшылардың пікірінше, отан­­дық банк секторында Ұлттық банк айтқандай 450 млрд теңге емес, 680 млрд теңге тапшылық байқала­ды»,- делінген мақалада.

Қазір осы тапшылықтың ашық айтылуы мемлекеттен ақша сұрау үшін жасалып жатқан дайын­дық болуы да ғажап емес. Бұрын банктердің қожайындары Үкімет пен Ұлттық банктен көмек сұраған болса, осы жолғы сауықтыруға «банктер үшін емес, экономика мен қаржы на­ры­ғының тұрақтылығы үшін» деген желеу айтылуы ықтимал.

«Банктер тұрғындарға берген несие 2018 жылғы 13 трлн теңгеден былтыр 13,8 трлн теңгеге өсті. Соның ішінде бизнесті қаржыландыру керісінше 500 млрд теңгеге азайды. Есесіне халықтың мой­нындағы қарыз 1,3 трлн теңгеге ұл­ғайып кетті», - деп жазады маұала авторы.

Депозит нарығында да жеке тұлғалар белсенді. Екінші дең­гейлі банктерде жатқан қаражат был­тыр 18,5 трлн теңгеден 19 трлн тең­геге көбейгенде бизнестің 9,8 трлн теңгесі өзгеріссіз қалса, жеке тұл­­ға­лардың жинаған ақшасы 8,6 трлн теңгеден 9,2 трлн теңгеге өсті.

Серіктес жаңалықтары