17.10.2025, 23:50
Жаңалықтар
Павлодар облысында аң аулауға кеткен ағайынды екі ер адам жоғалып кетті
Олар 14 қазаннан бері байланысқа шықпаған
Фото: «Vita» еріктілер тобы
Павлодар облысында Солнечный ауылынан аңшылыққа кеткен ағайынды екі ер адам жоғалып кетті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Pavon.kz мәліметінше, Вячеслав және Николай Лукьянцевтерді іздеу жұмысы «Vita» еріктілер тобының көмегімен жүргізіліп жатыр.
«Қарағанды тасжолының бойында екі аңшы жоғалып кетті. 10 қазан күні олар Солнечный ауылынан S494VSM нөмірлі Lada Niva көлігімен аңшылыққа шыққан. Өздерімен қайығы болған. 14 қазаннан бері олармен байланыс үзілген, телефон нөмірлері сөндірулі. Екеуі де хаки түсті киім киген», – делінген хабарламада.
Қазіргі уақытта ер адамдарды полиция мен еріктілер іздестіруде.
Көп оқылған
21.10.2026, 11:33
Маңғыстауда кәсіпкер жалған құжат жасап алып, шетелге танкерімен 45 млрд теңгенің мұнайын апарып сатқан (ВИДЕО)
21.10.2026, 09:33
«Ішерге су, жеуге тамақ жоқ отырған»: ШҚО-да полиция тарақандардың арасында өмір сүрген төрт баланы ата-анасынан алып кетті (ВИДЕО)
21.10.2026, 16:07
Келесі жылдан бастап Қазақстанда кімдерге АӘК төленбейді – үкімет тағы бір қаулы қабылдады
21.10.2026, 16:49
Ажырасқаннан кейін де бірге өмір сүрген: Таразда ер адам экс-жұбайын есінен танғанша ұрған
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды