$ 518.31  567.96  6.03
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Қазақстан қор биржасында доллар бағамы қайтадан өсті

Ұлттық Банктің 16 наурыздағы ресми бағамы бір доллар үшін 464,79 теңгені құрайды

Қазақстан қор биржасында доллар бағамы қайтадан өсті
Фото ашық дереккөзден

Қазақстан қор биржасында (KASE) күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 466,15 теңгені құрап, 1,39 теңгеге өсті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

ҚР Ұлттық Банкі долларының ресми бағамы 16 наурызға 464,79 теңгеге тең.

Kurs.kz сайтының мәліметінше, қазір Алматының айырбастау пунктерінде долларды сатып алудың орташа бағамы 461,93 теңгеге, сату – 467,02 теңгеге тең. Астананың айырбастау пунктерінде долларды орташа есеппен 462,02 теңгеден сатып алынуға болса, бір АҚШ валютасы 465,42 теңгеден сатылып жатыр.

Естеріңізге сала кетейік, 15 наурызда KASE күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 5,83 теңгеге, 14 наурызда – 1,77 теңгеге, 13 наурызда – 9,65 теңгеге, 10 наурызда – 4,82 теңгеге, 9 наурызда – 2,59 теңгеге, 7 наурызда – 5,14 теңгеге, 6 наурызда – 1,77 теңгеге өсті, 3 наурызда 4,45 теңгеге, 2 наурызда 5,98 теңгеге, 1 наурызда 3,55 теңгеге төмендеді.

Серіктес жаңалықтары