12.01.2023, 15:01
Экономика
Қазақстанның сыртқы қарызы 3,8 млрд долларға азайды
Өткен жылдың 1 қазанында қарыз көлемі 160,9 млрд доллар болатын
Фото ашық дереккөзден
Қазақстанның сыртқы қарызының көлемі жыл басынан бастап 2,3% ға немесе 3,8 млрд АҚШ долларына азайды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
2022 жылғы 1 қазанда қарыз көлемі 160,9 млрд доллар болатын.
ҚР Ұлттық банкінің мәліметінше, 2022 жылдың басынан бастап сыртқы борыш төлем балансы бойынша операциялар, бағалық және бағамдық өзгерістер есебінен азайған.
Қазақстан сыртқы борышының қаржы құралдарының түрлері бойынша құрылымында бейрезиденттерден тартылған несиелер мен кредиттер (78,9%) және бейрезиденттердің қолындағы борыштық бағалы қағаздарға (9,5%) басымдық болды.
Көп оқылған
16.08.2026, 06:21
Қостанайда жүзе алмаған әке қызын құтқармақ болып қаза тапты
16.08.2026, 16:06
17 тамыз күні ауа райы қандай болады
16.08.2026, 16:37
БҚО-дағы Ми-8 тікұшағының апатына қатысты іс сотқа жолданды
16.08.2026, 10:38
Астана – Щучинск тасжолындағы апат: жүргізуші жолда ұйықтап кеткен
16.08.2026, 08:47
Конгода Эболадан әр 30 минут сайын бір адам көз жұмады