Жетісу облысындағы асханалар бір жылда бағаны 52 пайызға көтерген
Алайда, тамақтану орындарын жалға беру ақысы айтарлықтай өспеген
2022 жылдың қараша айының қорытындысы бойынша қоғамдық тамақтандыру орындарының қызметтері бір айда 2,7% - ға, ал бір жылда 23,4% - ға қымбаттаған, деп хабарлайды Azattyq Ruhy ranking.kz-ке сілтеме жасап.
Бағаның бірден күрт шарықтағаны Жетісу облысының тұрғындарына сезілген. Онда бір айдың ішінде тамақтану орындарындағы баға 13,9% - ға өскен. Одан кейін, Шымкентте - 9,9%, Алматы облысында - 7,3%-ға қымбаттаған. Қалған жеті аймақта бір айда баға өзгермепті.
Жылдық динамикада бағаның ең көп өсуі Жетісу облысында тіркелген (44,7% ). Одан кейін Шымкентте (40,3% - ға) және Астанада (38,5% - ға) бағалар айтарлықтай өсті. Тек Павлодар облысында ғана бағаның баяу өскені байқалады (6,2% - ға).
Қоғамдық тамақтандыру объектілері арасында асхана қызметтері бір жылда 26,6% — ға, жылдам тамақтану қорындарының қызметтері — 17,1% - ға, мейрамханалар, кафелердегі қызмет -20,6% - ға қымбаттады. Оның ішінде мейрамханада түскі ас құны 19% — ға, асханада түскі ас 26,6% - ға өскен.
Мейрамханалар мен кафелер қызметтерінің бағасының ең жоғары жылдық өсуі Жетісу облысында (44,4% — ға), ең азы Алматыда (5,2% - ға) тіркелді.
Жылдам тамақтану орындарындағы қызметтер бағасының ең қатты өсуі Атырау облысында (38% — ға), ең баяу өсуі Павлодар облысында (4,5% - ға) байқалды.
Асхана қызметтері Жетісу облысында (52% — ға), ең азы Павлодар облысында (7% - ға) қымбаттады.
Десе де, тамақтану орындарын жалға беру ақысы айтарлықтай шарықтамаған. Мәселен, мейрамханаларды жалға алу бір жылда 8,9% — ға, асханаларды жалға алу — 0,9% - ға, кафелерді жалға алу-3,4% - ға қымбаттаған.