12.10.2022, 13:15
Экономика
Мұнай бағасының түсуіне Қытайдағы COVID-19 вирусының өршуі әсер етіп жатыр
Бүгінде Brent маркалы мұнай барреліне 2% - ға түсіп, 94,29 долларға дейін арзандады
Фото: ашық дереккөзден
Мұнай бағасы 2% - ға төмендеді. Өйткені, Қытайдағы COVID-19 вирусының өршуі мен әлемдік экономиканың құлдырауы жаһандық сұранысты төмендетті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Reuters.com-ға сілтеме жасап.
Дүниежүзілік банктің президенті Дэвид Малпасс пен Халықаралық валюта қорының басқарушы директоры Кристалина Георгиева дүйсенбіде жаһандық рецессия қаупінің артуы туралы ескертті және инфляция әлі де жалғасып жатқан мәселе екенін айтты.
Бүгінде Brent маркалы мұнай барреліне 1,90 долларға немесе 2% - ға түсіп, 94,29 долларға дейін арзандады. Ал WTI маркалы американдық мұнай 1,78 долларға немесе 2% - ға түсіп, 89,35 долларға дейін арзандады.
Көп оқылған
30.09.2026, 16:19
«Жастар осыларды тыңдап, өзгеріп кетті»: Қайрат Нұртастың анасы Роза коучтың ит терісін басына қаптады
30.09.2026, 16:54
Шымкентте әйел адам күйеуінің жүрегіне пышақ сұғып өлтірді (ВИДЕО)
30.09.2026, 09:28
«Емізіп отырып ұйықтап кеткен»: Ақкөлде әйел адам мас күйде сәбиін тұншықтырып өлтіріп алды
30.09.2026, 18:00
«Мен шаршадым...»: Тараздағы мұғалім ұстаздарға психологиялық көмек беретін виртуалды көмекші ойлап тапқан
30.09.2026, 21:19
Қазақстанның 12 облысында дауылды ескерту жарияланды