Елімізде жалға берілетін пәтер құны қаншаға қымбаттады
Бір айдың ішінде кейбір қалаларда жалға берілетін баспана бірден 40 пайызға қымбаттаған
Қазақстанда бір айда жалдамалы пәтер ақысы 14,5%-ға қымбаттады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy LS-ке сілтеме жасап.
Ұлттық статистика бюросының мәліметі бойынша, 1 қыркүйекте арендалық тұрғын үйдің 1 шаршы метрі 4,6 мың теңге болған. Бұл бір ай бұрынғыдан 14,5%-ға көп (тамызда 4 мың теңге).
Тамыз айымен салыстырғанда жалдау ақысы бойынша Қостанай көш бастап тұр. Онда жалдамалы баспана бірден 42,6%-ға қымбаттаған. Одан кейін Петропавл – 27%-ға, Қарағанды – 21%-ға өскен.
Тұрғын үйді жалға беру бағасының аз-кем өзгерісі Түркістанда (0,6%), Талдықорғанда (3,5%), Шымкентте (3,9%) және Қызылордада (4,3%) байқалды.
Жылдық көрсеткіш бойынша жалдау ақысы 47,2%-ға қымбаттады.
Ең қымбат ұсыныс Алматыда тіркелген. Шаршы метріне 5,6 мың теңгені құрады. Сондай-ақ Астана мен Ақтауда жоғары баға байқалады, шаршы метрі 4,5 мың және 3,2 мың теңге. Жалға берілетін тұрғын үйдің ең төменгі бағасы Қызылордада - 1797 теңге, Таразда 1809 теңге және Жезқазғанда 1845 теңге болды.
Қазақстан жылжымайтын мүлік федерациясының басшысы Ермек Мүсірепов қыркүйек айының соңғы аптасында ресейліктердің көші-қонына байланысты тұрғын үйді жалға алу құны 50 пайызға өскенін атап өтті.
Шенеуніктердің бұл салаға тосқауыл қою ниеті туралы сараптамалық пікір білдірді.
Осындай жағдайға байланысты Қазақстанда ақша жинай алатын, баспана салуға немесе сатып алуға болатын жеке жалға беру қорлары пайда болуы мүмкін.
Ал Қазақстандағы инфляция 17,7%-ға дейін өсті. Оның ішінде азық-түлік тауарларының бағасы 2022 жылғы қыркүйекте (2021 жылмен салыстырғанда) 22,2%-ға өсті. Азық-түлікке жатпайтын тауарлар 17%-ға, ақылы қызметтер 12,3%-ға қымбаттады.