$ 511.22  540.05  4.73
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Арқалық қаласында жаңа кәсіпорындар салынып, аймақта 4,4 мың жұмыс орны құрылады

Қостанай облысында алдағы бес жылда бірнеше инвест-жоба жүзеге асады

Арқалық қаласында жаңа кәсіпорындар салынып, аймақта 4,4 мың жұмыс орны құрылады

Арқалық қаласында кәсіпкерлік субъектілерінің, жергілікті атқарушы органдар мен квазимемлекеттік сектор өкілдерінің қатысуымен «Инвестициялық жобаларды іске асыру арқылы Қостанай облысының оңтүстік өңірлерін дамыту» бизнес-форумы өтті.

Қазіргі кездегі өзекті күн тәртібі – бұл әлеуметтік-экономикалық дамудағы белсенділікті күшейту үшін жаңа тәсілдер қажет Қостанай облысының оңтүстік өңірлерінің экономикалық әлеуетін ашу. Бұл бағыттағы құралдардың бірі – жобаларға инвестиция тарту.

Форумда экономиканың түрлі секторларындағы жобалар талқыланды және таныстырылды: тау-кен металлургия кешені, жеңіл өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, туризм және басқа да бағыттар.

Мәселен, облыстық кәсіпкерлік басқармасының басшысы А.Жаныспаевтың айтуынша, Арқалық қаласы, Амангелді және Жангелдин аудандарында 4,4 мың жұмыс орнын құра отырып, жалпы сомасы 465 млрд. теңгеге жуық 35-тен астам жобаны іске асыру жоспарланып отыр.

Мысалы, Арқалық қаласының маңында «Қостанай тау-кен металлургия корпорациясы» ЖШС 2027 жылға қарай құны 315 млрд.теңге және 1200-ге жуық жұмыс орнын құрумен тау-кен байыту комбинатының құрылысы бойынша жобаны пысықтауда.

Сонымен қатар, Арқалық қаласында, Амангелді және Жангелдин аудандарында «SRS Holding LTD» холдингі полиметалл кендерін қайта өңдейтін үш фабрика салу бойынша жобаларды пысықтауда. Инвестициялардың жиынтық көлемі 49 млрд. теңгеден асады.

Жаңартылатын энергия көздері секторында таяу жылдары қуаты 48 МВт болатын «Арқалық» жел электр станциясын салу жоспарлануда. Жобаның құны 24 млрд.теңгеден асады.

Агроөнеркәсіптік кешенде бірқатар жобаларды іске асыру жоспарлануда.

Мысалы, «Алюминстрой» компаниялар тобымен ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу бойынша кластер құрылуда.

 Осылайша, қуаттылығы жылына 18 мың тонна ұн болатын диірмен кешенін салу жоспарлануда. Сонымен қатар, қуаттылығы жылына 100 мың тонна мақсары майлы тұқымдарын қайта өңдеу зауытының 2,5 мың басқа арналған асыл тұқымды репродукторын салу бойынша жұмыстар жүргізілуде. Осылайша, бұл нысандарға салынатын инвестиция көлемі 3 млрд. теңгеден асады, 145 жұмыс орны ашылады.

Сондай-ақ, Целинное ауылында «Ұрпақ Агро» ЖШС 10 мың бас ірі қара малға арналған бордақылау алаңын іске қосуды жоспарлап отыр. Жоба бойынша инвестициялар 4,5 млрд.теңгені құрайды, 50 жұмыс орны ашылады.

Экономикадағы маңызды сегмент шағын және орта бизнес секторы болып табылады. Мұнда мысал ретінде «Үміт» ЖШС былғары зауытын келтіруге болады.

2021 жылы облыс әкімдігі «Тобыл» ӘКК» АҚ-мен бірлесіп кәсіпорынды қаржылық сауықтыруға жәрдем көрсетті, бұл 10 жыл бойы тоқтап тұрған зауытты қайта іске қосуға мүмкіндік берді.

Бұдан басқа, кәсіпорынға тігін цехын және сервистік-дайындау цехын ұйымдастыру үшін грант түрінде үй-жайлар мен қаржы қаражаты бөлінді.

Ағымдағы жылы қосымша тағы 2 жоба іске асырылды, оларға 5 млн.теңгеден гранттар берілді. Бұл қайыс-ер және былғары галантерея өнімдерін өндіру бойынша, сондай-ақ балалар ортопедиялық аяқ киімін өндіру бойынша жоба.

Осылайша, былғары зауытының айналасында шағын бизнес белдеуі қалыптасады.

Инвестициялық жобаларды іске асыру осы өңірлердің ғана емес, сондай-ақ Қазақстан экономикасының тұтас салаларының дамуына елеулі серпін береді, өйткені осы аудандардағы ресурстық әлеует инвестициялар тарту үшін үлкен әлеуетке ие.

Бұдан басқа, облыстың оңтүстік өңірі ең алдымен бай рухани және мәдени-тарихи мұрасының арқасында жоғары туристік әлеуетке ие.

Сондай-ақ, туризмді ұйымдастыру үшін Торғай өңірінің тартымдылығы қол тимеген, бірегей табиғи жерлерде жатыр. Ғылыми қоғамдастық пен туристердің үлкен қызығушылығын тудыратын бірегей құрылыстар - Торғай геоглифтері. Ауданға кіре берісте орналасқан «Құмкешу», тұзды көл «Қаратұз», су температурасы 70°С-қа жететін ыстық бұлақ «Тентексай».

 Өз кезегінде, Амангелді ауылында құны 2,8 млрд.теңге болатын туристік көпфункционалды кешен салынуда, ол байланыстырушы буын болады және оңтүстік өңірлер аумағында туристік кластер құруға мүмкіндік береді.

Тұтастай алғанда, туристік саланы дамыту халықтың жұмыспен қамтылуы мен табысының тұрақты өсуін, туризммен сабақтас салалардың дамуын ынталандыруды және экономикаға инвестициялар ағынын ұлғайтуды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Серіктес жаңалықтары