$ 521.9  593.5  6.39
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Қазақстанда соңғы 10 жылда жалақы мен зейнетақы қалай өзгерді?

Ең төменгі зейнетақының жыл сайынғы орташа өсуі шамамен 3,3 мың теңгені құрайды

Қазақстанда соңғы 10 жылда жалақы мен зейнетақы қалай өзгерді?
Фото: ашық дереккөзден

Қазақстанда президенттің тапсырмасы бойынша ең төменгі жалақы 60 мың теңгеден 70 мың теңгеге дейін өседі. Соңғы 10 жылдағы негізгі есептік көрсеткіштердің, сондай-ақ жан басына шаққандағы жалпы iшкi өнiм қалай өзгерді?

LS агенттігінің хабарлауынша, Ең төменгі жалақы деңгейі 2013 жылдан бастап 3,2 есе өсті және қазіргі уақытта 60 мың теңгені құрайды. Бұл ретте 2019 жылдан бастап 2021 жылға дейін ол өзгеріссіз қалды (42,5 мың теңге), ал өткен жылдан бастап 60 мың теңгеге дейін арттырылды. Араға бір жыл салып бұл деңгей тағы да 70 мың теңгеге дейін өседі.

Зейнетақының ең төменгі мөлшеріне келетін болсақ, аталған кезеңде ол 2,5 есе өсті (19,1 мың теңгеден 48 мың теңгеге дейін). Көрсеткіштің ең көп өсуі 2017 жылы (5,4 мың теңгеге) және 2022 жылы (4,8 мың теңгеге) байқалды. Ең төменгі зейнетақының жыл сайынғы орташа өсуі шамамен 3,3 мың теңгені құрайды.

Жыл сайын ең төменгі есептік көрсеткіштің (АЕК) мөлшері де өзгереді. Биыл ол 3,1 мың теңгеге жетті. 2013 жылдан бастап АЕК 1,8 есе өсті. Өткен жылмен салыстырғанда өсім 146 теңге.

Бұдан басқа, елдің экономикалық дамуының негізгі көрсеткіштерінің бірі- жан басына шаққандағы жалпы iшкi өнiм (ЖІӨ) – 2013 жылдан бастап 2021 жылға дейін 2,1 есеге ұлғайды. Өткен жылы ол 4,4 млн теңгеге жетті, бұл алдыңғы екі жылдың көрсеткішінен 700 мың теңгеге жоғары. Бұл -талданып отырған кезеңдегі ЖІӨ-нің ең үлкен өсімі.

Серіктес жаңалықтары