$ 498.34  519.72  4.85
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

iPhone, видеокарталар, автомобильдер тағы қымбаттауы мүмкін

Микропроцессорларды шығаратын компанияның акциясы төмендеді

iPhone, видеокарталар, автомобильдер тағы қымбаттауы мүмкін
Linux Adictos

Қытай мен Тайвань арасындағы қақтығысқа байланысты iPhone, видео-тіркемелер мен видеокарталар қымбаттайды деп хабардайды Azattyq Ruhy тілшісі Digital Uly Dala телеграм каналына сілтеме жасап.

Тайвань жартылай өткізгіш құралдарының негізгі әлемдік өндірушісі болып табылады. Әлемдегі микропроцессорлардың 65%-ын Taiwan Semiconductor Manufacturing Company (TSMC) шығарады.

Қытай мен Тайванның қақтығысы пандемия кезінен басталған техника саласындағы дағдарысты одан сайын күшейтуі мүмкін. TSMC-тің тікелей клиенттері – Apple, AMD, Intel, Nvidia, Qualcomm, Sony және басқалары процессорларды жеткізуді тоқтатудан бірінші болып зардап шегеді.

Чиптердің жетіспеушілігі TSMC клиенттерінің басқа санаттарына (автомобиль өнеркәсібі, медициналық сала, байланыс және т.б.) әсер етеді, бұл бүкіл әлемдік экономиканы құлдырататыны анық.

Қазірдің өзінде Taiwan Semiconductor Manufacturing Company өндіруші компаниясының акциясы 3 пайызға төмендеген.

Серіктес жаңалықтары