$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Инфляция жыл соңына қарай 13-15% деңгейінде қалыптасады – Ұлттық банк басшысы

Ғалымжан Пірматов инфляция бойынша орта мерзімді болжамдар туралы айтты

Инфляция жыл соңына қарай 13-15% деңгейінде қалыптасады – Ұлттық банк басшысы
Фото: eldala.kz

Ұлттық банктің төрағасы Ғалымжан Пірматов Egemen Qazaqstan-ға берген арнайы сұхбатында инфляция бойынша орта мерзімді болжамдар туралы айтты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Ұлттық банк басшысы инфляция өсіп, жыл соңына қарай 13-15% деңгейінде қалыптасатын айтты.

«2022 жылғы наурыздан бастап геосаяси жағдайдың шиеленісуі және Қазақстанның қаржы нарығына қысымның айтарлықтай күшеюінің аясында Қазақстанда инфляция үдей түскенін ескерген жөн. Ресей Федерациясына қарсы санкцияларға байланысты жаһандық жеткізілім тізбегіндегі проблемалардың шиеленісуі әлемдегі өндіріс құнының қымбаттауына алып келуде. Шешім қабылдағанда біз осы факторлардың барлығын ескереміз», - деді Ғалымжан Пірматов.

Ол орта мерзімді кезеңде инфляцияны бәсеңдету мақсатымен инфляциямен күрес пен экономиканың өсуі арасындағы теңгерімді ескере отырып, базалық мөлшерлеменің 14% деңгейінде сақталып қалғанын атап өтті.

«Базалық мөлшерлеменің жоғары болуы контрциклдік бюджет саясатымен және сыртқы инфляциялық қысымның әлсіреуімен бірге 2023 жылы инфляцияның 7,5-9,5%-ға дейін баяулауына ықпал етеді», - деді Ғ. Пірматов.

Серіктес жаңалықтары