$ 498.34  519.72  4.85
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
30.01.2020, 11:52
Экономика

ЕАЭО елдері арасында 100 мың доллар алып өту үшін рұқсат керек

Ақпан айынан бастап қолма-қол ақшаны алып жүрудің жаңа ережесі күшіне енеді

ЕАЭО елдері арасында 100 мың доллар алып өту үшін рұқсат керек

Маңғыстау облыстық Мемлекеттік кірістер департаментінің хабарлауынша, ақпан айынан бастап  ЕАЭО елдері арасында шекара асқан жолаушылар  өзімен бірге 100 мың доллар алып жүрсе, қомақты қаржыны қайдан алғанын растауы тиіс. Бұл ереже Еуразиялық экономикалық комиссиясының 2019 жылы 6 тамызда шыққан №130 шешіміне байланысты өзгерген.

«Осы ұсыным «FATF» - ға қатысушы елдердің (ақшаны қолды қылуға қарсы  қаржылық шараларын әзірлеу тобы – F) терроризмді қаржыландыру немесе қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру мен шекара арқылы өткізілетін қолма-қол ақша қаражаты айналымын анықтау және тоқтату шараларын қамтамасыз ету мақсатында әзірленді»,- дейді кірістер комитеті.

Жолаушы кедендік декларациясы кезінде бірқатар құжаттар арқылы қолма-қол ақшаның шығу тегін растай алады. Ол құжаттарға төменде көрсетілген анықтамалар жатады.

- конверсиялық операцияларды жасау, шоттан ақша алу, кредит алу кезінде кредиттік ұйымдар рәсімдейтін құжаттар;

-азаматтық-құқықтық мәмілелердің жасалғанын растайтын құжаттар( мұра, сыйға тарту және т. б.) жалақы туралы мәліметтерді растайтын құжаттар;

Тиісті құжат болмаған жағдайда ЕАЭО кедендік шекарасы арқылы қолма-қол ақшаны өткізуге тыйым салынады. Бұған қоса, қолма-қол ақша өткізу кезінде қаржы валюта айырбастау бағамына сәйкес 10 мың доллардан асқан қаражат кедендік декларацияға жатады.

Әсел Тұмашқызы, Нұр-Сұлтан 

Серіктес жаңалықтары