$ 521.9  593.5  6.39
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Биыл Қазақстанда 30 млн тонна көмір өндірілді

Көмір экспорты 8,6 млн тоннаны құрады

Биыл Қазақстанда 30 млн тонна көмір өндірілді
Фото: Reuters

Биыл елімізде 30 млн тонна көмір өндірілді. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 7,7% артық, деп хабарлайды Azattyq Rýhy ИИДМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Өндірілген көмірдің 16,7 млн тоннасы энергетикалық компанияларға, 2,2 млн тоннасы өнеркәсіптік кәсіпорындарға жөнелтілді. Коммуналдық-тұрмыстық қажеттіліктерге және халыққа 2,4 млн тонна көмір тиелді. Көмір экспорты 8,6 млн тоннаны құрады.

Облыстар мен қалалар әкімдіктерінің деректері негізінде, ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі 2021-2022 жылдарға арналған коммуналдық-тұрмыстық қажеттіліктер мен тұрғындар үшін көмір өнімдерінің қажеттілік жоспарын қалыптастырған.

Жоспарға сәйкес, осы кезеңде тұтыну көлемі 9,336 млн тоннаны құрауы тиіс (коммуналдық-тұрмыстық секторға – шамамен 3 млн, халық үшін-6,3 млн тонна). Жергілікті атқарушы органдардың мәліметтері бойынша, өңірлерден 9,338 млн тонна көмір әкелінді. Яғни, жоспарланған көлемнің 100%-ы.

Келесі жылыту маусымына дайындық үшін министрлік 2022-2023 жылдарға арналған ұқсас жоспарды әзірледі. Құжат барлық облыстардың және Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының әкімдіктеріне жіберілді.

Серіктес жаңалықтары