$ 523.2  594.3  6.38
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Қазақстан КТК-дағы апатқа байланысты 1,3 млн тонна мұнай жоғалтады

Аталған құбырмен Қазақстанның экспортқа шығатын мұнайының үштен екісі тасымалданып келген

Қазақстан КТК-дағы апатқа байланысты 1,3 млн тонна мұнай жоғалтады
Kapital.kz

Қазақстан сәуір айының соңына дейін тәулігіне 320 мың баррель немесе 1,3 млн тонна мұнай өндіру көлемін жоғалтуы мүмкін, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.

Мұнай өндіру көлемінің төмендеуін Энергетика министрлігі Каспий құбыр консорциумындағы қалпына келтіру жұмыстарының салдарынан деп түсінідіреді.

«КҚК-дағы қалпына келтіру жұмыстарының жағдайына байланысты Қазақстан сәуір айының соңына дейін тәулігіне 320 мың баррель (1,3 млн тонна) мұнай жоғалтады. Бұл қысқарту ОПЕК+ серіктестерімен өзара әрекеттесу аясында өтемақы жоспарының бір бөлігі ретінде қарастырылады», - делінген Энергетика министрлігінің хабарламасында.

Белгілі болғандай, маусым айының соңына қарай Қазақстан ОПЕК+ келісімі бойынша өндірісті шектеу жөніндегі өз міндеттемелерін толығымен өтейді.

Серіктес жаңалықтары

Мақалада

#экономика #Мұнай