Ұлттық Банк елдегі банк активтерінің сапасын жария етуге асығар емес

Автор: Azattyq Rýhy

AQR нәтижесін жариялау 1 айға шегерілді 

Қазақстан Ұлттық банкі екінші деңгейлі банктердің сапасы бойынша қортындыларды жариялауды тағы бір айға созды. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі баспасөз қызметі таратқан ақпаратта банктермен жұмыс бойынша AQR-дің екінші кезеңінің нәтижелері ақпанда жария етіледі деп жазылған. Жаңа құрылған агенттік  2019 жылғы қызметтің, қаржылық және реттеушілік есептіліктің нәтижелерін қалыптастыруды ескере отырып, банктер жан-жақты шаралар жоспарларын әзірлеп жатқанын хабарлайды.  Ал әр банк бойынша тексеру нәтижежелерін бас қаржы реттеуші әлі мақұлдамаған.  

Екінші деңгейдегі банктер активтерінің сапасын бағалаудың (AQR) бірінші кезеңі аяқталғаны туралы жаңа жыл қарсаңында айтылған еді. Енді бұл процесс 2020 жылы ақпанның соңына дейін созылмақ. Бұл туралы бүгін ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі төрағасының орынбасары Нұрлан Әбдірахманов мәлімдеген.

«Қорытынды нәтижелерді шығару үшін ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі жеке шараларды әзірлеуге және банктермен талқылауға кіріседі. Активтердің сапасын бағалау рәсімінің екінші кезеңінде банктермен жұмыстың қорытынды нәтижелерін қаржы реттеушісі 2020 жылғы 28 ақпанда AQR қатысушы банктер бойынша ұсынады»,- делінген баспасөз мәлімдемесінде. 

Бұл туралы Azattyq Rýhy бұрын да жазған болатын.  Былтыр тамыз айында банк секторы активтерінің сапасын тексеру басталды. Ұлттық банк екінші деңгейлі банк активтерінің өтімділігін бағалауға (Asset Quality Review) кірісті. Банктердің қаржылық сапасы мен болашағын бағдарлайтын ревизияға 14 банк қатысқан.  AQR бойынша барлық банктер халықаралық аудиторларға тиісті ақпараттарды ашып көрсетуге міндетті. Мұндай сүзгіден өткізу науқаны жыл сайын жүргізіледі. Сарапшылар қаржы инситуттары өз активтерін жария етуді үйренуі тиіс деп есептейді. Алайда отандық банктердің құрылтайшылары бұған көп жағдайда дайын емес. Халықаралық аудиторлар мен консультанттарға қысым көрсетіліп, активтер көлемін «жасыруға» мүдделі екені айтылып жүр.

Ерболат Досаев өткен жылдың соңында (Ұлттық банк төрағасы – авт.) AQR бойынша алдын ала тексерулердің қортындысы белгілі деп мәлімдеді. Жоспар бойынша банк активтерінің сапасын тексеру желтоқсан айында аяқталады. Ол банк секторының қаржылық тұрақтылығын кешенді бағалау, банк жүйесінің ашықтығын қамтамасыз ету, отандық банктердің инвесторлар мен салымшылар алдындағы сенімін арттыруға мүмкіндік береді. Нәтижесінде, 2020 жылдың қаңтар айында қай банктің «әлсіз» екенін байқауға болатыны айтылған. Алайда бүгін оның  ақпан айының ортасына дейін созылатыны белгілі болды.

Ришат Асқарбекұлы, Алматы