Қазақстанның сыртқы қарызы 166 млрд доллардан асады

Azattyq Rýhy

Жалпы берешектің 80 пайызға жуығы жеке кәсіпкерлердің үлесінде

Фото ашық дереккөзден

Қазақстанның сырт елдерге қарызы 166 миллиард доллардан асады. Өткен жылмен салыстырғанда  7 миллиард долларға көп, деп хабарлайды 24.kz арнасы.

Жалпы берешектің 80 пайызға жуығы жеке кәсіпкерлердің үлесінде. Яғни мемлекет те, қарапайым азамат та алынған бұл ақша үшін жауап бермейді. Ол инвестиция болып есептеледі.

Ал мемлекеттің таза қарызы 14 миллиард доллардан асады. Бұл сыртқы қарыздың 8-9 процентіне тең. Яғни алаңдауға негіз жоқ дейді жауапты орган өкілдері.

Десе де экономикалық сарапшы Мақсат Халықтың айтуынша, квазимемлекеттің сектордың қарызын да мемлекет мойнында деп есептеу керек. Себебі бұл компаниялардың артында мемлекет тұрғандықтан қарызын төлеуге де міндетті болады.

«Квазимемлекеттік сектордың қарызын осы жылы ғана бөліп көрсетті. Ол 21 миллиард доллар деп айтты. Демек сол 21 млрд доллар Самұрық қазынаның, Бәйтеректің, Қазмұнайгаздың, Қазақстан темір жолының қарыздары. Сол қарыздарды қосқан кезде жаңағы 14 миллиардқа қосу керек. Сосын Ұлттық банктің қарызы бар. Ол да 1,5 милилардтан асады. Сонда үкіметтің жалпы қарызы Мемлекеттің жауап беретін қарызы 35 миллиард доллардан асып жығылады», - деді экономикалық сарапшы Мақсат Халық.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.