$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Қазақстандықтардың мүлік салығы бойынша қарызы 3,2 млрд теңгеге жетті

Мемлекеттік кірістер комитеті азаматтарға салық қарыздарын төлеуге кеңес берді

Қазақстандықтардың мүлік салығы бойынша қарызы 3,2 млрд теңгеге жетті
Фото ашық дереккөзден

Қазақстандықтардың мүлік салығы бойынша қарызы 3,2 млрд теңгені құрады. Бұл туралы ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінен мәлім етті.

Осыған орай Мемлекеттік кірістер комитеті жеке сот орындаушыларына алымды төлеу есебінен борыштың ұлғаюын болдырмау және берешекті мәжбүрлеп өндіріп алуға байланысты қолайсыздыққа тап болмау үшін азаматтарға салық қарыздарын төлеуге кеңес берді.

«2021 жылғы 10 айдың қорытындысы бойынша жеке тұлғалардың меншіктегі жылжымайтын мүлік бойынша салық берешегінің сомасы 3,2 млрд теңгені құрады. Оның ішінде: мүлік салығы бойынша – 2,9 млрд теңге (756 мың борышкер), жер салығы бойынша – 0,3 млрд теңге (159 мың борышкер)», – деп хабарлады Мемлекеттік кірістер комитеті.

Серіктес жаңалықтары