$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Ақтөбе облысына жыл басынан бері 558 млрд теңге инвестиция тартылды

Өңірде 9 айдың қорытындысы бойынша 2,5 мыңнан астам шағын және орта бизнес жобалары қолдау тапты

Ақтөбе облысына жыл басынан бері 558 млрд теңге инвестиция тартылды

Осы жылдың тоғыз айы ішінде Ақтөбе облысына 558 млрд теңге инвестиция тартылды. Бұл республика бойынша ең жоғары көрсеткіштердің бірі. Бұл туралы өңір басшысы Оңдасын Оразалин ОКҚ-да өткен брифинг барысында мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Өңірлер арасында алғашқы бестіктеміз. Нақтылап айтсақ төртінші орынды иемденіп отырмыз. Жыл соңына дейін 800 млрд теңгеден астам инвестиция тартуды жоспарлап отырмыз. Оның алғышарттары жасалды», - деді Оңдасын Оразалин.

Облыс әкімі алдағы уақытты тағы қандай инфестициялық жобалардың іске қосылатынын атап өтті.

«Инвестициялық жобалардың ішіндегі ірілері – «Ақтөбе ЖЭО» АҚ-ның жылу-электр орталығын жаңғырту жобасы (құны – 20 млрд теңге); «West Smart Trading» ЖШС-нің мәліметтерді өңдеу орталығы (13,8 млрд теңге), «Gas Processing Company» ЖШС-нің газды кешенді дайындайтын қондырғыны қалпына келтіру жұмыстары (5,4 млрд теңге)», - деді облыс басшысы.

Сонымен қатар өңір басшысының айтуынша 9 айдың қорытындысы бойынша 2,5 мыңнан астам шағын және орта бизнес жобалары қолдау тапты.

Серіктес жаңалықтары