$ 514.65  544.6  5.17
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

2025 жылға қарай бес мұнай-газ-химия зауыты пайдалануға беріледі

Ұлттық жобаны қаржыландырудың жалпы көлемі - 15,9 трлн теңге

2025 жылға қарай бес мұнай-газ-химия зауыты пайдалануға беріледі
Фото: ашық дереккөзден

«Қазақстандықтардың әл-ауқатын арттыруға бағытталған тұрақты экономикалық өсу» Ұлттық жобасы аясында 2025 жылға қарай 5 мұнай-газ-химия зауытын пайдалануға беру жоспарланып отыр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.

Бүгінгі Үкіметтің кезекті отырысында Ұлттық экономика министрі Ә. Ерғалиевтың баяндамасында Ұлттық жобаны қаржыландырудың жалпы көлемі 15,9 трлн теңге, оның ішінде республикалық бюджеттен 402 млрд теңге қарастырылғаны айтылды.

«Бұл қаражатқа өндіріс көлемін ұлғайтуға және өңдеу өнеркәсібі тауарларының номенклатурасын кеңейтуге ықпал ететін 418 индустриялық жобаны іске қосу жоспарлануда. Ұлттық жоба шеңберінде 1000 белсенді экспорттаушының сыртқы нарықтарға шығуы, сондай-ақ 350 жуық экспорттаушыны «Alibaba» және «Amazon» сияқты халықаралық электрондық платформаларға шығару қамтамасыз етілетін болады.

Өңдеу өнеркәсібінің жоғары технологиялық өнімдерін шығару мақсатында 2025 жылға қарай 5 мұнай-газ-химия зауытын пайдалануға беру жоспарланып отыр.

Қабылданған шаралар нәтижесінде өңдеу өнеркәсібі өнімдерінің өндірісі 1,5 есеге артады», -  дейді министр.

Белгілі болғандай, аталған жоба аясында «Бастау Бизнеске» қатысатын кәсіпкерлер саны 2 есеге өседі, соның ішінде 55 мың ауыл кәсіпкеріне қолдау көрсетілмек.

Еркежан Айтқазы, Нұр-Сұлтан қаласы

Серіктес жаңалықтары