Армян нөмірімен жүрген көліктерден бюджетке қанша салық түсті?
Жаңа талап бойынша шетелдік көліктер тіркелген жағдайда 1 жылға дейін ел аумағында уақытша жүре алады

Қазақстанда армян номерімен жүрген көліктерден бюджетке қанша түсім түскені белгілі болды.
Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары Жайдар Іңкәрбаев өткен жылдары осы мәселені шешу үшін уақытша тіркеуге қою ережесі бекітілгенін, нәтижесінде көлік иелері салық төлеуге мүдделі болғанын айтады.
«Армян көліктерінің иелерінен мемлекеттік бюджетке шамамен 350 млн теңге көлемінде салық түсті. Жаңа талап бойынша біздің елдің заңына сәйкес шетелдік көліктер тіркелген жағдайда 1 жылға дейін ел аумағында уақытша жүре алады. Аталған мерзім өткеннен кейін оларды қайтадан шетелге шығару керек немесе ресми түрде тіркеуге тұруы тиіс», – дейді комитет төрағасының орынбасары.