$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
28.09.2021, 10:48
Экономика

Қазақстанда ет бағасы қымбаттап барады

Елімізде барлық ет түрін тұтыну азайды

Қазақстанда ет бағасы қымбаттап барады
Фото: ашық дереккөзден

Осы жылдың сегіз айының (қаңтар-тамыз) қорытындысы бойынша ет пен құс етінің бағасы өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 7,4%-ға өсті, деп хабарлайды EnergyProm.

Олардың арасында қой еті айтарлықтай қымбаттады – 14,9%. Одан кейін жылқы еті – жылына 9,4%, сиыр еті – 7,8%. Ал құс еті өзгелерімен салыстырғанда аз, тек 3,2%-ға өсті.

Осы жылдың тамыз айында сүйегі бар сиыр еті дүкендер мен базарларда орта есеппен 2,2 мың теңгеге сатылды. Сол сияқты сүйегі бар жылқы еті орта есеппен 2,5 мың тг, қой еті – 2,4 мың тг, тауық еті 1,02 мың тг саудаланды.

Сиыр, қой, ешкі, жылқы және жылқы тұқымдас жануарлардың жас немесе тоңазытылған етін өндіру көлемі осы жылдың қаңтар-тамыз айларында 43 мың тоннаны құрады, бұл 2020 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 4,6%-ға аз.

Бағаның өсуіне байланысты барлық ет түрін тұтыну көлемі қысқарды. Мәселен, осы жылдың бірінші жартыжылдығы қой етін тұтыну өткен жылмен салыстырғанда жан басына шаққанда 10,6%-ға (2,5 кг-ға дейін), тауық еті – 4,4%-ға (2,2 кг-ға дейін), жылқы еті – 3,6%-ға (3 кг-ға дейін) дейін қысқарды.

Сауалнамаға сәйкес, биыл қазақстандықтардың 7%-ы екі күн сайын ет немесе тауық етін, балық немесе оған теңестірілген вегетариандық тағаммен тамақтануға мүмкіндігі жоқ.

Серіктес жаңалықтары