$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
01.09.2021, 11:43
Экономика

Мемлекет банкирлерге көмектеспеуі керек - Тоқаев

Үкіметке Қаржы реттеу жөніндегі агенттікпен бірлесіп, жыл соңына дейін заң жобасын Парламентке енгізу тапсырылды

Мемлекет банкирлерге көмектеспеуі керек - Тоқаев

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бүгінгі жолдауында мемлекет тарапынан банкке көмек көрсетілмеуге тиіс деп мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.

«Біз мынадай шешім қабылдадық: мемлекет банкирлерге көмектеспеуі керек. Сонымен бірге, тоқтау салынған активтерді экономикалық айналымға қайтару қажет. Бірақ тек нарық негізінде. Ол үшін заңнамалық база қажет. Үкімет Қаржы реттеу жөніндегі агенттікпен бірлесіп, жыл соңына дейін заң жобасын Парламентке енгізуі керек», - деді Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауында.

Мемлекет басшысы былтыр да банктерге тегін қолдау көрсетілмейтінін мәлімдеген болатын.

«Банк жүйесі қаржы нарығының ең маңызды бөлігі болып табылады. Мемлекет, бизнес өкілдері мен қатардағы салымшылар банктердің тұрақты жұмыс істеуіне мүдделі. Сондықтан банктерге тегін қолдау көрсетілмейді. Бұл - ұлттық экономиканы ынталандырудың бір жолы», - деген еді Президент.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Парламент палаталарының бірлескен отырысында Қазақстан халқына жыл сайынғы дәстүрлі жолдауы басталды.

Жолдауды республикалық телеарналар тікелей эфир арқылы көрсетіп, негізгі радиостанциялар тікелей толқында таратып жатыр.

Жолдауда елдің алдағы әлеуметтік-экономикалық дамуының басым бағыттары туралы айтылады.

Серіктес жаңалықтары