ШұғылҚазақстанда өткен тәулікте 769 адамнан коронавирус анықталды

Жаңа жылда алтын бағасы 20 пайызға дейін қымбаттауы мүмкін

Саяси тұрақсыздық пен әлемдегі рецессия төңірегіндегі қауіп инвесторларды алтынға иек артуға мәжбүрлеп отыр 

Фото: ашық дереккөзден

Мамандардың айтуынша, проценттік мөлшерлеменің жаһандық төмендеуі, Еуропадағы брекзитке қатысты жағдай, АҚШ пен Қытай арасындағы сауда соғысы сияқты бірқатар себеп бар. Саяси тұрақсыздық пен әлемдегі рецессия төңірегіндегі қауіп инвесторларды алтынға иек артуға мәжбүрлеген. Сарапшылардың пікірінше, бұл жағдай келесі жылы да жалғасады. 2020 жылға қарай алтын 15-20 процентке қымбаттауы мүмкін, деп хабарлайды 24.kz.  

2019 жылы Америка құрама штаттарының сыртқы қарызы рекордтық шамадан асты. 23 трлн доллар. Мамандар ел тарихында мұндай жағдай бұрын-соңды болмағанын айтады. Аянышты ахуалға салықтың азайып, шығынның көбеюі себеп болған. Ал ЕАЭО елдері арасында Ресейдің берешегі көп. Мұндағы қарыз 479 млрд доллар шамасында. Мамандар жыл басынан бергі өсім 5,5 процент болғанын атап өтті. Қазақстандағы ахуал жақсырақ. Бір жылда сыртқы қарыз 6 млрд долларға, яғни 3,7 процентке азайған. Шілдедегі көрсеткіш 158 млрд 300 млн доллар. Жіктеп кетейін, фирмааралық қарыз - 100,3 млрд доллар  немесе жалпы қарыздың 63,3%-ын құрайды. Мемлекеттік сыртқы қарыз көлемі 12,6 млрд долларға тең. Еліміздің сыртқы берешегін ЖІӨ-ге шаққанда 18,6 процентке жеткен. Ал қауіпсіз деңгей 50 проценттен төмен болуы тиіс.