$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
19.08.2021, 10:48
Экономика

300 күнде 300%: «Зерде» холдингінің трансформация нәтижесі

Жаңа басшылықтың келуімен ұлттық компанияның таза пайдасы екі есеге өскен

300 күнде 300%: «Зерде» холдингінің трансформация нәтижесі

Трансформациялау барысында «Зерде» холдингі еліміздің стратегиялық міндеттеріне қол жеткізу үшін ұлттық компания қызметін толық қайта құра отырып, ашықтықты қамтамасыз ету және тиімділікті арттыру үшін өз процестерін оңтайландырды. Бұл туралы компанияның Басқарма төрағасы Арман Абдрасилов айтты.

Жүргізілген аудит жаңа басшылықтың келуімен ұлттық компанияның таза пайдасы 2019 жылғы 3,1 млрд теңгеге қарағанда 2020 жылы 6,7 млрд теңгені құрай отырып, екі еседен астам өскенін көрсетті. 2019 және 2020 жылдардағы жалпы табыс іс жүзінде бірдей екендігін атап өту керек.

2021 жылды 7,8 млрд. теңге табыспен аяқтау және дивидендтерді 3 есеге көбейту жоспарланып отыр.

Сонымен қатар, тиімділігін төмендетпей 1,4 млрд теңгеге мемлекеттік сатып алуға жұмсалатын шығыстар қысқартылды. 

Басшыларды, кеңесшілерді және әкімшілік қызметкерді 77 бірлікке қысқарта отырып, оңтайландыруға мүмкіндік беретін адами ресурстарды басқару жүйесі бар жаңа Кадр саясаты әзірленді. Бұл тағы да 400 млн теңгені үнемдеуге көмектесті. 

«Электрондық үкімет» порталы бойынша ауқымды жұмыс жүргізілді. Енді ол Холдингтің компаниялар тобына сенімгерлік басқаруға берілді. Бұл мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдерін қысқартады және бюджет қаражатын үнемдейді.

Сонымен бірге, электрондық үкімет жүйесіндегі күрделі, авариялық бұзылулар жағдайында қазақстандықтардың деректерін резервтеу жүйесі іске қосылды.

Қазіргі күні «Зерде» Холдингі деректерді басқару арқылы мемлекеттік басқару жүйесін оңтайландыруға барлық деңгейдегі министрліктер мен әкімдіктер үшін жаңа басқарушылық шешімді әзірлеуде.

Серіктес жаңалықтары