10.08.2021, 10:03
Экономика
Шілде айында Қазақстанда тұрғын үй бағасы тағы өсті
Абаттандырылған тұрғын үйді жалға алу құны да артқан
Фотог: ашық дереккөзден
Қазақстанда абаттандырылған үйлерді алып-сату бағасы бір айда 1,1% қымбаттады. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросынан хабарланды.
Бір айда, яғни 2021 жылғы шілдеде 2021 жылғы маусымға қарағанда:
- абаттандырылған тұрғын үйлерді алып сату бағасы – 1,1% өсіп, бір шаршы метрінің бағасы 339 935 теңгені құрады;
- жаңа тұрғын үйлерді сату бағасы 0,4% қымбаттап, бір шаршы метрі 270 368 теңге болды;
- абаттандырылған тұрғын үйді жалға алу 0,6% қымбаттап, бір шаршы метрі үшін төлем 1775 теңгені құрады.
Көп оқылған
28.11.2026, 06:14
Алматыдағы 5 адамның өмірін жалмаған өрт: қайғылы оқиғаға қатысты тың деректер шықты
28.11.2026, 16:45
«Бес адамның өмірін қиған өрт»: Алматыда 37 жастағы әйел ұсталды
28.11.2026, 08:21
23 млн теңгені букмекерлік кеңсеге аударған: Жамбылда төрт шенеунік жұмысынан қуылды
28.11.2026, 17:17
Таразда жол ережесін өрескел бұзған көлік жүргізушісі ұсталды (ВИДЕО)
