$ 521.67  592.46  6.32
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
07.04.2021, 10:58
Экономика

Петропавлда бензин 23 теңгеге қымбаттады

АИ-92 маркілі бензин литріне 177-178 теңгеден саудалануда

Петропавлда бензин 23 теңгеге қымбаттады
Фото: ашық дереккөзден

Солтүстік Қазақстанда жанармай бағасы қымбаттаттады. Соңғы айда суйық отын бағасы бірнеше рет көтерілді. Наурыз айының басында 153-155 теңге аралығында саудаланған тауар 23 теңгеге қымбаттады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.

Ең жоғары сұранысқа ие АИ-92 маркілі бензин литріне 177-178 теңгеден саудалануда. Ал АИ-95-тің бағасы 188 теңге. Облыстық кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының мамандары бұл құбылысты жанармай өндіретін зауыттардың бағаны өсіруімен түсіндірді.

«Бензиннің қымбаттауына бірнеше себеп бар. Зауыттар бағаны көтерген. Оған логистиканы қосыңыз. Дегенмен қазіргі таңда облыстық бәсекелестікті қорғау департаментінің мамандары осыған байланысты арнайы сараптама жасап жатыр», - деді облыстық кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы басшысының орынбасары Фархат Ибраев.

Дегенменмен мамандар аймақта жақын арада бензин тапшылығы болмайтынын, сұйық отын қорының жеткілікті екенін айтты. Ал, алдағы уақытта баға саясаты қайтадан тұрақталады ма, жоқ па ол жағы әзірге белгісіз. 

Эльмира Мәмбетқызы, СҚО

Серіктес жаңалықтары