02.04.2021, 00:48
Экономика
ОПЕК+ келісімі: Қазақстан мұнай өндірісін ұлғайтуды жалғастырады
Бұл туралы ҚР Энергетика министрлігі хабарлады
Фото: ашық дереккөзден
Қазақстан ОПЕК+ келісімі аясында мұнай өндіруді ұлғайтуды жалғастырады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«1 сәуірде ОПЕК+ келісіміне қатысушы елдердің министрлік отырысы бейнеконференция форматында өтті. Отырыс қорытындысы бойынша ОПЕК+ елдерінің ағымдағы өндіру деңгейін мамырда тәулігіне 350 мың баррельге, маусымда тәулігіне 350 мың баррельге және шілдеде тәулігіне 450 мың баррельге ұжымдық ұлғайту туралы шешім қабылданды», - делінген ҚР Энергетика министрлігінің бапсасөз қызметі хабарламасында.
Осылайша, ОПЕК+ шеңберіндегі Қазақстан үшін міндеттемелер мамырда тәулігіне 1,463 млн баррельді, маусымда тәулігіне 1,469 млн баррельді және шілдеде тәулігіне 1,475 млн баррельді құрайды.
Көп оқылған
21.09.2026, 16:52
Апалы-сіңлілі екі әйел 2 жыл бойы Астананың сол жағалауында 18 жасқа толмаған қыздарды жезөкшелікке тартып келген (ВИДЕО)
21.09.2026, 10:57
«Арасында 52 ұл, 17 қыз бала бар»: ішкі істер министрлігі Қазақстандағы ата-аналарға шұғыл мәлімдеме таратты (ВИДЕО)
21.09.2026, 13:08
Машинист байқап қалған: теміржол маңында жүрген төрт жасар бүлдіршіннің ата-анасы табылды