Экономика министрі мемлекеттік қарыз, ЖІӨ жайында айтты
Әсет Ерғалиев Қазақстанның 2025 жылға дейінгі дамуының Ұлттық жоспарын таныстырды

Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев ОКҚ-да өткен брифингте мемлекеттік қарызға қызмет көрсету үшін қанша қаржы шамамен 900 миллиард теңге қарастырылғанын айтып, мемлекеттік қарыздың қазіргі сомасына да тоқталды.
Министрдің айтуынша, Қазақстанда мемлекеттік қарыздың көлемі ішкі жалпы өнімге шаққанда шамамен 30%-ды құрайды. Еуропада бұл көрсеткіш 80% дейін барса, Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымына (ЭЫДҰ) мүше мемлекеттерде мемлекеттік қарыздың орташа көлемі 100%-ды құрайды.
Одан бөлек, Ұлттық экономика министрі 2021 жылы Қазақстанда жалпы ішкі өнімі 3,1 пайызды құрауы мүмкін екенін айтты.
«Біз Үкіметте бюджетті нақтылау кезінде алдағы үш жылға қатысты болжамымызды жасаймыз. 2021 жылға арналған экономикалық болжамды нақтылаймыз. Өсім болуы мүмкін, Қазақстанда ЖІӨ 3,1 пайызды құрауы мүмкін. Бірақ, бұл алдын ала болжам», - деді министр.
Министрдің айтуынша, Қазақстанда экономиканың өсуіне сыртқы экономикадағы (мұнай бағасы) бірнеше фактор әсер етуі мүмкін. Қазірдің өзінде Қазақстан экономикасындағы белгілі бір салалар бойынша өсім бар.
Сондай-ақ Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев елдің 2025 жылға дейінгі дамуының Ұлттық жоспарын таныстырды.
«Жоспар халықтың тұрғын үйге, дамыған инфрақұрылымға, сапалы білім беру мен денсаулық сақтауға, жұмыспен қамтуға және тұрақты табыс көзіне базалық қажеттіліктерін қанағаттандыруға арналған. Нәтижелі жұмыспен қамтуды дамыту және халықтың әлеуметтік әл-ауқатын арттыру – бұл ел дамуының Ұлттық жоспарының негізгі стратегиялық міндеттері», - деді Ұлттық экономика министрі.