$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
16.03.2021, 10:49
Экономика

Қостанай облысында Kia және Renault көліктері құрастырылмақ

Былтыр өңірде 40 мыңнан астам автомобиль құрастырылды

Қостанай облысында Kia және Renault көліктері құрастырылмақ
көрнекі сурет

Биыл Қостанай облысында Kia және Renault автокөліктерін құрастыру жұмысы қолға алынбақ. Бұл туралы Үкімет отырысында өңір басшысы Архимед Мұхамбетов мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.

Облыс әкімі баяндамасында автомобиль құрылысына қатысты былтырғы көрсеткіштерге тоқталды.

«Автомобиль саласында өндіріс көлемі белсенді түрде өсуде. Локализацияның ең көп үлесі - Jac маркалы көлікке тиесілі (42%). Өткен жылы Chevrolet көлігінің өндірісі іске қосылды. Оның 15 мыңнан астам бірлігі жиналды. Жалпы бұл көрсеткіш жылмен салыстырғанда 1 жарым есеге артты. Нақтырақ айтқанда, былтыр 40 050 автомобиль құрастырылды. Оның 8 022 бірлігі эскпортталды», - деді Архимед Мұхамбетов.

Өңірдегі автомобиль құрастыру саласының қатарына биыл тағы да екі марка қосылатыны белгілі болды.

«2021 жылы Kia және Renault маркалы көліктерін құрастыру жұмысын бастау жоспарланып отыр. Осылайша, биыл барлығы 60 миың көлік жинау көзделген. Оның 17 мыңнан астамы экспортқа жіберіледі. Сондай-ақ жеңіл көңіл құрастыру жұмысымен қатар ауыл шаруашылығы машинасын жасау өндірісі де қарқын алмақ. Айта кетейік, 2020 жылы 2 074 бірлік өндірілді. Оның 455-і экспортталды», - деді облыс басшысы.

Әсел Оршыбекова, Нұр-Сұлтан

Серіктес жаңалықтары