ШұғылЕлімізде өткен тәулікте 855 адамнан коронавирус анықталды

ҚТЖ ғимараттарына ұсақ жөндеу жұмыстарын жүргізуге және таза ұстауға 20,6 млрд теңге жұмсамақ

Ұлттық компания ашық тендер жариялады

«Қазақстан Темір жолы» Ұлттық компаниясы» АҚ ғимараттарды тазалау және ұсақ жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін 20 606 460 207 теңге жұмсағалы отыр. Бұл туралы «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ электрондық сатып алу порталында жарияланған ашық тендерде жазылған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.

Тапсырыс берушілер:

  • «Вагонсервис» АҚ
  • «ҚТЖ - ЖҮК ТАСЫМАЛЫ» ЖШС-ы
  • «Қазақстан Темір жолы» Ұлттық компаниясы» АҚ
  • «Жолаушылар тасымалы» АҚ

Қызмет көрсетудің сипаттамасында «ғимараттарға/құрылыстарға/үй-жайларға және іргелес аумақтарға коммуналдық шаруашылық жүйелеріне техникалық/профилактикалық қызмет көрсету, жинау, ұсақ және жедел жөндеу» деп жазылған.

Тендер бойынша, өтінімдерді ұсынудың басталу мерзімі 26.01.2021, 10:00 деп көрсетілген. Ал өтінімдерді ұсынудың соңғы мерзімі: 05.02.2021, 15:00. 

Тарқатып жазсақ, ҚТЖ аталған 20 млрд теңгені «ғимараттар тазалығы мен жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін» әр облыс бойынша былай бөлшектеген:

 Ғимараттарды/құрылыстарды/үй-жайларды және іргелес аумақтарды қамтамасыз ету жөніндегі қызметтер

 №

 Облыстардағы ҚТЖ филиалдары мен станциялары:

 Бөлінген қаражат (теңге)

 Тапсырыс беруші:

 1

 Қарағанды, Новоселов к-сі, 347а

30 437 820 ₸

«Жолаушылар тасымалы» АҚ

 2

 Павлодар, Сормов к-сі, 1

22 480 800 ₸

«Жолаушылар тасымалы» АҚ

 3

 Нұр-Сұлтан, Гете к-сі, 11/1

107 005 650 ₸

«Жолаушылар тасымалы» АҚ

 4

 Алматы, Тобаяков к-сі, 2А

84 995 694 ₸

«Жолаушылар тасымалы» АҚ

 5

 Нұр-Сұлтан, Акжол к-сі, 15/2

2 227 374 ₸

«Жолаушылар тасымалы» АҚ

 6

 Алматы, Тобаяков к-сі, 2/1

20 030 700,2 ₸

«Жолаушылар тасымалы» АҚ

 7

 Атырау станциясы

21 741 300 ₸

«Жолаушылар тасымалы» АҚ

 8

 Ақтөбе қаласы

56 220 444 ₸

«Жолаушылар тасымалы» АҚ

 9

 Қызылорда станциясы

34 527 458 ₸

«Жолаушылар тасымалы» АҚ

 10

 Атырау қаласы

2 887 472 ₸

«ҚТЖ» ҰК» АҚ

 11

 Ақтөбе қаласы

104 224 666 ₸

«ҚТЖ» ҰК» АҚ

 12

 Қызылорда қаласы

3 716 767,6 ₸

«ҚТЖ» ҰК» АҚ

 13

 ОҚО, Арыс қаласы

16 966 740 ₸

«ҚТЖ» ҰК» АҚ

 14

 Шу қаласы

8 281 303,8 ₸

«ҚТЖ» ҰК» АҚ

 15

 Алматы қаласы

7 974 652 ₸

«ҚТЖ» ҰК» АҚ

 16

 Қарағанды қаласы

4 732 800 ₸

«ҚТЖ» ҰК» АҚ

 17

 Екібастұз қаласы

32 283 612 ₸

«ҚТЖ» ҰК» АҚ

 18

 Көкшетау қаласы

6 620 004 ₸

«ҚТЖ» ҰК» АҚ

 19

 НЖС-14 Маңғыстау магистральдық желі бөлімшесі

534 419 911,2 ₸

«ҚТЖ» ҰК» АҚ

 20

 НЖС-13 Атырау магистральдық желі бөлімшесі

374 076 829 ₸

«ҚТЖ» ҰК» АҚ

 21

 НЖС-11 Ақтөбе магистральдық желі бөлімшесі

1 289 107 514,35 ₸

«ҚТЖ» ҰК» АҚ

 22

 НЖС-10 Қызылорда магистральдық желі бөлімшесі

704 458 760,6 ₸

«ҚТЖ» ҰК» АҚ

 23

 НЖС-9 Шымкент магистральдық желі бөлімшесі

292 125 245,3 ₸

«ҚТЖ» ҰК» АҚ

 24

 НЖС-8 Жамбыл магистральдық желі бөлімшесі

766 643 994,2 ₸

«ҚТЖ» ҰК» АҚ

 25

 НЖС-7 Алматы магистральдық желі бөлімшесі

549 657 980,2 ₸

«ҚТЖ» ҰК» АҚ

 26

 НЖС-6 Семей магистральдық желі бөлімшесі

684 140 081,4 ₸

«ҚТЖ» ҰК» АҚ

 27

 НЖС-4 Қарағанды магистральдық желі бөлімшесі

1 480 650 288,6 ₸

«ҚТЖ» ҰК» АҚ

 28

 НЖС-3 Павлодар магистральдық желі бөлімшесі

604 240 717,2 ₸

«ҚТЖ» ҰК» АҚ

 29

 НЖС-2 Қостанай магистральдық желі бөлімшесі

826 044 399 ₸

«ҚТЖ» ҰК» АҚ

 30

 НЖС-1 Ақмола магистральдық желі бөлімшесі

1 979 725 231,8 ₸

«ҚТЖ» ҰК» АҚ

 31

 «Ақтөбе БП бөлімшесі»

1 253 310 534 ₸

«ҚТЖ - ЖҮК ТАСЫМАЛЫ» ЖШС-і

 32

 «МК Қызылорда бөлімшесі»

433 414 800 ₸

«ҚТЖ - ЖҮК ТАСЫМАЛЫ» ЖШС-і

 33

 «БП Алматы бөлімшесі»

1 727 228 832 ₸

«ҚТЖ - ЖҮК ТАСЫМАЛЫ» ЖШС-і

 34

 «БП Павлодар бөлімшесі»

712 898 604 ₸

«ҚТЖ - ЖҮК ТАСЫМАЛЫ» ЖШС-і

 35

 «БП Қостанай бөлімшесі»

616 085 100 ₸

«ҚТЖ - ЖҮК ТАСЫМАЛЫ» ЖШС-і

 36

 «Маңғыстау БП бөлімшесі»

453 061 644 ₸

«ҚТЖ - ЖҮК ТАСЫМАЛЫ» ЖШС-і

 37

 «БП Атырау бөлімшесі»

521 077 074 ₸

«ҚТЖ - ЖҮК ТАСЫМАЛЫ» ЖШС-і

 38

 «БП Шымкент бөлімшесі»

475 868 400 ₸

«ҚТЖ - ЖҮК ТАСЫМАЛЫ» ЖШС-і

 39

 «БП Жамбыл бөлімшесі»

523 301 184 ₸

«ҚТЖ - ЖҮК ТАСЫМАЛЫ» ЖШС-і

 40

 «БП Семей бөлімшесі»

756 617 589 ₸

«ҚТЖ - ЖҮК ТАСЫМАЛЫ» ЖШС-і

 41

 «БП Қарағанды бөлімшесі»

879 808 752 ₸

«ҚТЖ - ЖҮК ТАСЫМАЛЫ» ЖШС-і

 42

 «БП Ақмола бөлімшесі»

1 070 753 364 ₸

«ҚТЖ - ЖҮК ТАСЫМАЛЫ» ЖШС-і

 43

 Қызылорда станциясы

7 173 600 ₸

«Вагонсервис» АҚ

 44

 Маңғышлақ станциясы

36 955 800 ₸

«Вагонсервис» АҚ

 45

 Атырау станциясы

18 010 440 ₸

«Вагонсервис» АҚ

 46

 Ақтөбе станциясы

90 381 480 ₸

«Вагонсервис» АҚ

 47

 Алматы станциясы

122 509 800 ₸

«Вагонсервис» АҚ

 48

 Қарағанды станциясы

55 416 600 ₸

«Вагонсервис» АҚ

 49

 Қостанай станциясы

62 546 400 ₸

«Вагонсервис» АҚ

 50

 Нұр-Сұлтан қаласы

85 649 400 ₸

«Вагонсервис» АҚ

 51

 Павлодар станциясы

51 744 600 ₸

«Вагонсервис» АҚ

Қызметті аяқтау мерзімі шартқа қол қойылған күннен бастап 12.2025 дейін жүзеге асырылуы тиіс.

Әзірге тендер жеңімпаздары туралы ақпарат жоқ, статусы «өтінімдерді қарау кезеңінде» делінген.

ҚТЖ НЕ СЕБЕПТІ ШЫҒЫНҒА БАТТЫ – СЕНАТОРЛАР ЖАУАП ІЗДЕДІ

Айта кетерлігі, 28 қаңтар күні Сенат депутаттары ҚТЖ Ұлттық компаниясына сын-пікірлер айтты. Тіпті, Сағындық Лұқпанов пен Сергей Ершов Премьер-министрдің атына депутаттық сауал жолдады.

Олардың айтуынша:

  1. Қазақстанның теміржол паркіндегі вагондардың айтарлықтай бөлігі әбден тозған. Олардың жылдамдығы – сағатына 160 шақырым. Ал көрші мемлекеттерде сағатына 250 шақырым жылдамдықпен жүйткитін пойыздар қолданылады.
  2. Қазақстанда пайдаланылып жүрген теміржол желісінің жалпы ұзындығы – 16 634,8 шақырым. Олардың 4,2 мың шақырымы ғана электрмен жабдықталған.

Сондай-ақ, сенаторлар еліміздегі басты теміржол операторының сыртқы қарызына да алаңдаушылық білдірді. ҚТЖ-ның қарыз көлемі 1,9 трлн. теңгені құрайды. Депутаттар соңғы 5 жылда мемлекеттік субсидия ретінде аталған компанияға 171 млрд. теңге бөлінгенін де тілге тиек етті.

«Қазақстан темір жолы» өзі мемлекеттік субсидия ала отырып, 2017 жылы астанадағы халықаралық әуежайға 27,5 млрд. теңге көлемінде қаржылай көмек көрсеткен. Теміржол саласын дамытуға қатысты бағдарламалық құжаттарда көрсетілген осы бағыттағы нақты мақсат-міндеттерге қарамастан, оларды іске асыру қарқыны көңіл көншітпейді. Тіпті, мүлдем төмен деуге болады. Үнемі мемлекеттен субсидия алып отырғанымен, компания ұзақ уақыт бойы басқа жобаларды дамытуға айтарлықтай қаржы жұмсап келеді. Бұл негізгі қызметті шығынға ұшыратуға әкеп соқтыруда», – деді сенатор Сағындық Лұқпанов.

Сондықтан депутаттар компанияның өзі мемлекеттік субсидияға мұқтаж болып отырғанына қарамастан, не үшін салаға қатысы жоқ басқа жобаларға шығын шығаратынын түсіндіруді сұрады.

Сымбат Ғалымжан, Нұр-Сұлтан