28.11.2019, 09:56
Экономика
Қазақстанда өндірілген ет ішкі сұранысты өтей алмай отыр
Соңғы 5 жылда импорт көлемі экспорттан 8 есе асып түскен
Inbusiness.kz
Қазақстанда өндірілген ет ішкі сұраныстың тек 87%-ын ғана қамтамасыз етіп отыр деп жазады Energyprom.kz.
Ағымдағы жылдың 9 айының қорытындысы бойынша, Қазақстан халқы 879,5 тонна ет тұтынған. Ал, оның 754 тоннасы отандық өнім. Қалғаны шетелден тасымалданған. Өндірілген еттің 2 пайызы экспортталыпты.
Ет индустриясында Қазақстанның әлеуеті әлі де болса әлсіз. Мәселен, шұжықтың 38%-ын біз шетелден сатып аламыз. Ал, экспорт небәрі 1 пайызды ғана құрайды.
Етті өндеу және сақтау жағынан да көрсеткіштер көңіл көншітпейді. Мәселен, ет сақтайтын қоймалардың тек 38,7 пайызы ғана қолданыста, қалғаны бос тұр.
Көп оқылған
14.11.2026, 06:21
Ғылым және жоғары білім министрлігінде ауыс-түйіс: вице-министр қызметінен босатылды
14.11.2026, 07:19
Қазақстанда алдағы үш күнде ауа райы күрт өзгереді
